136-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген аумақтық соттылықтың жалпы қағидалары бойынша беріледі.
2. Арыз жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Арызда:
1) арыз берілген соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) жауапкердің атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) талап қоюшының талабы және ол негізделген мән-жайлар;
5) мәлімделген талапты растайтын қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің тиісті құжаттармен расталған құны көрсетілуге тиіс.
4. Арызға талап қоюшы немесе қол қоюға немесе арыз беруге өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін арызға осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
5. Осы Кодекстің 135-бабында санамаланған талаптар оларды бұйрық арқылы немесе талап қою іс жүргізуі тәртібімен қарау көрсетілмей берілген кезде көрсетілген талаптар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы