143-бапқа түсініктемелер. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін орындауға жіберу
1. Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға оны борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әділет органына орындауға ұсыну үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.2. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын тікелей сот жібере алады.3. Борышкерден тиісті бюджеттің кірісіне мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін сот мөрімен расталған сот бұйрығының жекелеген данасын сот аумақтылығы бойынша тиісті әділет органына тікелей жібереді.4. Сот бұйрығының көшірмесі сот ісінде қалады.1. Осы нормаға сәйкес судья өндіріп алушыға, егер АІЖК-нің 141-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде (сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні) борышкерден сотқа қарсылық түспесе, сот бұйрығын береді. Бұл ретте осы сот актісі соттың мөрімен куәландырылуға тиіс. Бұйрық борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әділет органына орындалуға ұсынылады. Бұл жағдайда атқарушылық іс жүргізуді мемлекеттік сот орындаушысы жүзеге асыратын болады. Сонымен бірге өндіріп алушы тікелей жеке сот орындаушысына жүгінуге құқылы. Жеке сот орындаушысы құзыретінің шегі "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Заңның 138-бабында айқындалған.2. Егер өндіріп алушы бұл туралы сұраса, сондай-ақ ол АІЖК-нің 243-бабына сәйкес шешімдер дереу орындалуға жататын талаптар бойынша шығарылса, сот бұйрығын тікелей сот орындауға жіберуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік сот орындаушысына орындауға сот бұйрығы ұсынылған жағдайда ғана қолданылады.3. Борышкерден тиісті бюджеттің кірісіне мемлекеттік бажды өндіріп алу бөлігінде сот бұйрығын орындау үшін сот өзінің жеке данасын аумақтық әділет органына жібереді. Бұл дана соттың мөрімен де расталуға тиіс. Көрсетілген бөліктегі сот бұйрығын мемлекеттік сот орындаушысы орындайды.4. Судья куәландырған сот бұйрығының көшірмесі сот ісінде қалуы керек.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Астана, 2016 жыл
УДК 347 (574)
К 63
ISBN 978-601-236-042-4
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы