15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы Байланыс туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорымен және (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті.
Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттерді анықтау тәртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы