36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу Байланыс туралы Заңы
1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иеленушісі оны ұялы байланыс операторында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеуге міндетті. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес айқындалған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 маусымдағы № 320-VIII ҚРЗ
2-1. Жеке тұлғаның күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағына жеке пайдалану үшін әкелінген, ұялы байланыстың екіден аспайтын абоненттік құрылғысын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес верификациялауына жол беріледі.
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға:
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы пайдаланатын абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады.
Ұялы байланыс операторлары барлық мәліметтерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторына өтеусіз жібереді.
Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.
4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.
5. Ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге және (немесе) пайдаланылуына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жол берілмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады.
5-1. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын үшінші тұлғаға тұрақты пайдалану үшін берген жағдайда, абонент ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын берілетін тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Абоненттерге ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу мүмкіндігі туралы хабар беру мақсатында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың тіркелген абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы, сондай-ақ ұялы байланыстың верификациялаудан өткен абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
7. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы баптың 3-тармағында көзделген, өздері қызмет көрсететін абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты беруге міндетті. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары желіні, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғырту бойынша барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтары дерекқорының ресурстарына қолжетімділік бергені үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы