36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру Байланыс туралы Заңы
1. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде абоненттік нөмірді сақтауға және пайдалануға құқылы.
2. Ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеу және оның ресурстарына қолжетімділік беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл жасасу және өзара есеп айырысу тәртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады.
5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Байланыс операторлары өз желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға) өздері көтереді.
7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз ресурстарына қолжетімділік бергені үшін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, өзі желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім береді.
9. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мерзімде және шарттарда жүзеге асырады.
10. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерінің басқа ұялы байланыс операторына ауысуына кедергі келтіруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы