Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 169-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

169-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

169-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Егер нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер: 

      1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға; 

      2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға; 

      3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге; 

      4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға; 

      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, мұндай келісімдер картель деп танылады және оларға тыйым салынады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері, оның ішінде тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімдерге қолданылады. 

      2. Нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге, егер: 

      1) сатып алушы (тапсырыс беруші) үшiн сатушы тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, мұндай келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса; 

      2) мұндай келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының (тапсырыс берушінің) сатпау мiндеттемесi көзделсе, тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауарларды тауар белгісімен не сатушыны немесе өндірушіні өзеге дараландыру құралымен сатуын ұйымдастыру туралы келісімге қолданылмайды; 

      3) мұндай келісімде сатып алушының (тапсырыс берушінің) бәсекелесі болып табылатын нарық субъектісіне сатушының тауар сатпау міндеттемесі көзделсе, тыйым салынады. 

      3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге алып келетін немесе алып келуі мүмкiн, оның iшiнде: 

      1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттар белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге; 

      2) нарық субъектілерінің сол бір тауарға түрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық және өзге де түрде негізсіз белгілеуіне; 

      3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға; 

      4) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiне сәйкес осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезінде шарттар жасасуға; 

      5) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе оларды сатып алушылар ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға қатысты келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. 

      сы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйым салулар, тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сатылас келісімдерді не мемлекеттік-жекешелік әріптестік, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын келісімдерді қоспағанда, егер нарық субъектісінің (субъектiлерiнiң) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесі жиырма пайыздан аспаса, сатылас келiсiмдерге қолданылмайды.

      4. Бәсекелестікке қарсы келісімдер жазбаша және (немесе) ауызша нысанда жасалуы (қол жеткізілуі) мүмкін. 

      5. Нарық субъектілерінің әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 – 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады. 

      6. Бәсекелестікке қарсы келісімдерге салынған тыйымдар, егер мұндай нарық субъектілерінің бірі басқа нарық субъектісіне қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай нарық субъектілері бір тұлғаның бақылауында болса, тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімге қолданылмайды. 

      Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше әрекет: 

      1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету; 

      2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру; 

      3) нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындау немесе осы нарық субъектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензиясына (франчайзинг), лицензиялық шартқа немесе тауар белгісімен немесе құқық иеленуші (құқық иеленуші уәкілеттік берген тұлға) мен нарық субъектілері арасындағы құқық иеленушіні дараландырудың өзге де құралымен тауар сатуды ұйымдастыру туралы өзге де келісімге сәйкес орындау үшін міндетті нұсқаулар беру құқығын алу арқылы басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі. 

      7. Осы баптың талаптары, егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келмесе немесе алып келуі мүмкін болмаса, зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, тауарларды дараландыру құралдарына қолданылмайды. 

      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде: 

      1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатынын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндіретін тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатынын; 

      2) тиiстi тұлғалардың осындай әрекеттер жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады. 

 

 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер Істердің осы санаты бойынша өсім бөлігінде ең көп таралға...

Толық оқу »

163-бапқа түсініктеме. Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жосықсыз бәсекелестігі

163-бапқа түсініктеме. Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекетт...

Толық оқу »

170-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

170-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нар...

Толық оқу »

194-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

194-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіз...

Толық оқу »