170-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде:
1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;
2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға;
4) басқа субъектілермен мәні бірдей шарттарға кемсітушілік шарттар қолдануға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.
2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер жиынтығында олар мынадай:
1) осы әрекеттер бәсекелестікті шектеген;
2) мұндай әрекеттердің нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сай келген;
3) нарық субъектілерінің бірі осындай әрекеттерді жасағаны туралы ақпаратты жария түрде мәлімдеуіне немесе олардың бірінің жария түрде орналастыруына байланысты әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;
4) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерінен туындаған;
5) нарық субъектілерінің әрекеттері осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған (Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын, тұтыну динамикасын, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, тауарларды өндіру, өткізу кезінде пайдаланылатын шикізат пен тауарларға бағаларды өзгерту);
6) тиісті тауар нарығындағы нарық субъектілерінің жиынтық үлесі отыз бес және одан да көп пайызды құраған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін. Бұл ретте тиісті тауар нарығындағы бір нарық субъектісінің ең төмен үлес шамасы бес және одан да көп пайызды құрауға тиіс.
3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері жазбаша келісімнің бар-жоғына қарамастан, келісілген әрекеттер деп танылады.
4. Егер келісілген әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері жасаса және олар:
1) тұтынушыларға алынатын артықшылықтардың мөлшерлес бөлігін бере отырып, озық технологияларды, стандарттауды, сапаны бақылау жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды ендіру жолымен тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
3) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай әрекеттерге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы