19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
Мыналарды:
1) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамдарды;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі;
3) уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған;
4) төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылғанға немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;
5) тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар адамдарды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау