41-2-бап. Цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру мақсатында цифрлық теңге платформасына қатысушыларға цифрлық шоттар ашады, цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларын белгілейді, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады және цифрлық шоттарды ашу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды қоса алғанда, цифрлық теңге платформасының операциялық және технологиялық функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасына жүктеуге құқылы.
Цифрлық теңгенi есепке алу және сақтау қаражатқа билiк етуге мүмкiндiк беретiн сыртқы электрондық жеткізгіштерде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Цифрлық теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен цифрлық теңгенi шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында айқындалған тәртiппен халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарында пайдаланылуы мүмкiн.
3. Цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларында:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң цифрлық теңгені шығару мен өтеуді жүзеге асыруының тәртібі мен шарттары;
2) цифрлық теңге платформасына қатысушылар мен цифрлық шоттардың иелеріне қойылатын талаптар;
3) цифрлық теңге платформасына қатысушының цифрлық шоттарға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтату шарттары;
4) цифрлық шотқа қолжетімділік беру, цифрлық шотқа қолжетімділікті тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі;
5) цифрлық теңгені есепке алу, сақтау және оған билік ету құралы ретінде сыртқы электрондық жеткізгіштерді пайдалану шарттары мен тәртібі;
6) цифрлық теңгемен жасалатын операциялардың түрлері және оларды жасау тәртібі;
7) цифрлық теңгені таңбалаудың және цифрлық теңгені пайдалану кезінде цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын қолданудың, сондай-ақ оларды алудың тәртібі мен шарттары;
8) таңбаланған цифрлық теңге мен цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын пайдалану және олардың қолданылу ерекшеліктері;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңге платформасының тәуекелдерін және үздіксіз жұмыс істеуін басқару тәртібі;
10) цифрлық теңге платформасы мен цифрлық теңге платформасына қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
11) цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де талаптар мен ережелер қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгемен операциялар жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, цифрлық теңге платформасына қатысушылардың және цифрлық шоттар иелерінің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланылатын электрондық хабарлардың тізбесін, форматтарын, оларды қалыптастыру тәртібін және деректемелерін айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңге платформасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы