Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      1. Ақша аудару кезiнде ақшаны қайтару:

      1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын төлемнiң рұқсат етілмегендік фактiсi анықталған;

      2) қате нұсқау орындалған;

      3) егер бенефициар банктің корреспонденттік шоты бойынша орындалмаған талаптар немесе шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін ақшаға билік етуге шектеулер болса, ақша аударымын алу кезінде бенефициар банктің клиенті болып табылмайтын адамның пайдасына ақша түскен;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабында көзделген;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    5) бенефициардың банкі қылмыстық қудалау органынан прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану және хабарламада көрсетілген клиентке осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақша сомасын қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ақшаны қайтару тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      2. Егер нұсқауда:

      1) алдыңғы жөнелтушіден алынған нұсқаудың деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелер болса;

      2) қайталап берілген болса, бастамашы жіберген нұсқау қате болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны , сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі бенефициардың көрсетілген ақша есепке жатқызылған банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюы арқылы жүзеге асырады.

      3-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда ақшаны қайтару ақша жөнелтушінің мекенжайына жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі төлемді және (немесе) ақша аударымын қате нұсқау немесе оған рұқсат етпеу фактісі анықталған күннен бастап немесе прокурор санкциялаған, қылмыстық қудалау органынан транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарлама алынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей, бенефициардың банктік шотында бар ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу және (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.

      5. Бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз болған не болмаған жағдайларда, қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны қайтаруды қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге және (немесе) ақша аударымына жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өз ақшасы есебінен жүзеге асырады.

      6. Ақшаны қайтару қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы орындалған күннен бастап үш жыл өткен соң жүргізілмейді.

      7. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысатын әрбір жөнелтушінің қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге және (немесе) ақша аударымына жол берген ақша аударуға қатысушының (оның ішінде делдал банктің) ақшасы есебінен осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығыстарды өтетуге құқығы бар.

      8. Қате немесе рұқсат етілмеген төлемдер және (немесе) аударымдар бойынша ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы