119-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Мыналар:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікте;
2) көлік құралдарына салынатын салық пен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомаларын есептеу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық органы;
3) есепті салықтық кезеңнің 1-тоқсанындағы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде салық органы;
4) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есептелген сомасы болып табылады.
2. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есепке жазылған сомасы болып табылады:
1) салық органы:
салықтық тексеру нәтижелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері бойынша;
уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде айқындаған сома;
2) осы Кодексте белгіленген құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома.
3. Осы Кодексте көзделген түзетулерді, жеңілдіктерді, шегерімдерді немесе азайтуларды ескере отырып, салық, бюджетке төленетін төлем және әлеуметтік төлем сомасын есептеу нәтижесі салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және әлеуметтік төлемнің есептелген және есепке жазылған сомасы болып табылады.
4. Мыналар салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген сомасы болып табылады:
1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы, оның ішінде осы салықты, бюджетке төленетін төлемді төлеу есебіне есепке жатқызылған сома;
2) салықтық берешекті өтеу есебіне салық органы немесе сот орындаушысы өндіріп алған сома.
Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) есепке жатқызылған және қайтарылған салық, бюджетке төленетін төлем сомасы шегеріліп есептеледі.
5. Мыналар әлеуметтік төлемнің төленген сомасы болып табылады:
1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген әлеуметтік төлем сомасы;
2) салық органы өндіріп алған сома.
Белгілі бір уақыт кезеңі үшін төленген әлеуметтік төлем сомасы осындай уақыт кезеңі үшін салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылған әлеуметтік төлем сомасы шегеріліп есептеледі.
6. Салықтық және (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде өсімпұл осындай тексеру аяқталған күнге дейін есепке жазылады.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған (есептелген) сомалар жеке шотта көрсетілгеннен кейін салық төлеушіге (салық агентіне) өсімпұл, төлеу күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап жеке шотта есепке жазылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
119-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналар:
осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;
егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциясына қолданылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге қолын қойғызылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.
2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық төлеушінің (салық агентінің) түсетін қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Салық органы салық төлеуші бюджетке берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы