606-5-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
1. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді.
3. Төлемақы сомасы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
Ескерту. 606-5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы