Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      Төлем карточкаларымен жасалатын операцияларға мыналар жатады: 

      1) төлем карточкасын шығару, төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып жасалатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, оның ішінде қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және (немесе) төлем карточкасының эмитенті айқындаған басқа да операцияларға байланысты операциялар; 

      2) қол жеткізу төлем карточкасы арқылы, оның ішінде балама сәйкестендіргішті пайдаланумен қамтамасыз етілетін банктік шотты пайдалана отырып жасалатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары; 

      3) төлем карточкаларымен операцияларды технологиялық жағынан қолдау, оның ішінде төлемге қатысушылардың деректерін жинау, өңдеу, сақтау, оларды аутентификациялау және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген операциялар бойынша есеп айырысуға қатысушыларға ақпаратты тарату; 

      4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген операцияларға қатысушылар арасындағы клиринг және есеп айырысу; 

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды, сондай-ақ төлем жүйесіне қатысушы мен оператор арасындағы, төлем карточкалары бойынша операцияларды өңдеуді қамтамасыз ететін төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы комиссияларды төлеу.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы