21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру. Патрондарды өз бетінше құрастыру Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы
Қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
Қару мен оның патрондарын өндіретін заңды тұлғалар өндіру қауіпсіздігін, оған бақылау жасауды, шығарылатын өнімнің тиісті сапасын, оның есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақтандырылған механикалық бүркігіштерді, аэрозольдық және өзге де құрылғыларды қоспағанда, жасаған әрбір қарудың жеке нөмірі болуы тиіс.
Жауынгерлік қол атыс қаруы және оның патрондары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ғана беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларына сәйкес басқа мемлекеттерге беру үшін жасалады.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) меншігінде сақтау мен алып жүруге қолданыстағы рұқсаты бар:
аңшылық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының;
спорттық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының болуы;
2) аңшы куәлігінің және (немесе) ату спорты түрлері бойынша "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" спорттық разрядынан төмен емес спортшыны тіркеу туралы куәлігінің болуы шарттары бір мезгілде сақталған кезде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын, жеке пайдалану үшін патрондарды өз бетінше құрастыруды жүргізуге құқылы.
Патрондарды өз бетінше құрастыру үшін азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалардан сатып алынған гильзалар, оқтар (бытыра, картечь), капсюльдер (жевело) және аңшылық оқ-дәрі пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.
Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы