Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

98-бап. Жете тексеру мен тінту жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

    1. Мекеме қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекеме аумағындағы және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлік құралдарына жете тексеру жүргізеді және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып қояды.

      2. Жедел қызметкерлердің баянаты бойынша мекемелердің қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар мекемеге келген адамдарға тінту жүргізеді.

      Сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесуге келген адамдардың заттарына тінту жасалады.

      3. Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып өтуге әрекет жасау фактісі расталған жағдайда, ұзақ мерзімді кездесу құқығы берілген адамдар дереу шығарылады, кездесу тоқтатылады және пайдаланылды деп есептеледі.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдар сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға сотталғандармен кездесулерден айырылады.

      Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталған адаммен кездесу берілмейді.

      5. Сотталғандарға, олардың заттары мен киіміне, сондай-ақ мекеменің үй-жайына жете тексеру мен тінту жасалады.

      Сотталғандардың жеке басын тінтуді сотталғандармен бір жыныстағы адамдар жүргізеді.

      +10 0С-тан жоғары температура кезінде сотталғандарды жалпы тінту тексерулер жүргізу орындарында жүргізіледі, ал олар болмаған кезде – оқшауланған учаскелерде арнаулы жиналмалы кабиналарда жүргізіледі. +10 0С-тан төмен температура кезінде жалпы тінту мекеменің үй-жайларында жүргізіледі.

      Тұрғын үй-жайларды оларда сотталғандар болған кезде тінтуге мұны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда жол беріледі.

      6. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеменің аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де құндылықтарды әкімшілік мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес алып қояды және олар сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.

      Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер, тамақ өнімдері, оның ішінде мекеменің аумағынан және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтан табылғандары, мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл жөнінде акт жасалады.

      7. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, жете тексеру мен тінту мекемелерде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      8. Жете тексеру мен тінту жүргізу нәтижесінде жасалатын немесе жасалған қылмыс не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған кезде, одан әрі жете тексеру мен тінту тиісінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы