⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы өтініш бойынша іс жүргізу

Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы өтініш бойынша іс жүргізу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы өтініш бойынша іс жүргізу


Төрелік шешім тӛрелік талқылау тараптары үшін міндетті болып табылады, сондықтан ол тӛрелік келісімнің мәнінен туындайтын ерікті түрде орындалуы тиіс.
Заңның 47-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес тӛрелік шешімде қажет болған жағдайда қабылданған шешімді орындау мерзімі мен тәртібі кӛрсетілуге тиіс.

Егер мерзім кӛрсетілмесе, онда мұндай тӛрелік шешім дереу орындалуға тиіс (Заңның 54-бабының 2-тармағы).
Егер тарап тӛрелік шешімді ӛз еркімен орындаудан бас тартқан жағдайда, ол атқару парағын беру туралы сотқа ӛтініш беру арқылы мәжбүрлеп орындалады.Мұндай ӛтініш сотқа «Тӛрелік шешімді орындау» деген АПК-нің 20-тарауында кӛзделген талаптарды сақтай отырып беріледі. Аталған тарау тӛрелік шешімді Қазақстан Республикасының тӛреліктері шығарған кездегі
құқықтық қатынастарға қолданылады.

Соттар тӛрелік шешімнің ерекшеліктерін білуі керек, ӛйткені олар сот шешімінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес тӛрелік шешiм тӛреліктің талқылау орнында қабылданған болып есептеледi және оған тӛреші (тӛрешілер) қол қойған күнi күшiне енедi. Бұл ретте соттар Заңның 47-бабы 2-тармағының екінші бӛлігіне сәйкес, егер тӛрелік талқылау алқалы түрде жүзеге асырылса, онда қандай да бір тӛрешінің қолы болмаған жағдайда оның болмау себебі кӛрсетілетінін назарда ұстаған жӛн. Тӛрелік шешімге ерекше пікірі бар тӛреші қол қоймауы мүмкін, ол жазбаша нысанда тӛрелік шешімге қоса берілуге тиіс.

Сот актілерін жасау сапасы

Соттар негізгі ұғымдарды дұрыс кӛрсетпейтін сот актілері кездеседі Сот актілерінде қолданылатын тұжырымдамалар мен терминдерді жазудағы дәлсіздік түсінуді қиындатады және сот актісін құру логикасын бұзады.

Заңның 2-бабында тӛреліктер мен соттар қолдануы тиіс негізгі ұғымдарреттелген.
Мысалы, тӛрелік сот емес, тӛрелік деп, шешім немесе тӛрелік соттың шешімі емес, тӛрелік шешім деп, сот талқылауы емес, тӛрелік талқылау деп кӛрсеткен дұрыс болады.
Сондай-ақ сот актілерін зерделеу кезінде Алматы қалалық сотында мемлекеттік бажды тӛлемеу себебінен тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатты қайтару кезінде судьялар АПК-нің 269-бабын бұза отырып, сот актілерін шығаратыны анықталды. Адамдар, соттың уәждері және заңға (істерге) сілтемелер кӛрсетілмейді (№7599-22-3-9/213, №7599-22-3-9/224 істер).

Құжатты жүктеп алу