Қазақстан Республикасы халықаралық шарты негізінде Баланы қайтару туралы немесе балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздарды қарау бойынша іс жүргізу
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қарашадағы Заңымен Гаагада 1980 жылдың 25 қазанында қабылданған, Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциясы ратификацияланған.
Осы Конвенцияның негізгі мақсаты, тұрақты тұратын мемлекеттен (немесе одан тыс жерде ұсталып отырған) заңсыз алып өтілген кез келген бала дереу мемлекетке қайтарылуы тиіс болуында.
Көрсетілген Конвенциядағы құқықтық тетік, балаларды заңсыз алып өту немесе ұстау салдарынан қорғауға мүмкіндік берді.
Осыған байланысты «Азаматтық процестік кодекске Қазақстан Республикасы халықаралық шарты негізінде баланы қайтару туралы немесе балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздарды қарау бойынша іс жүргізу» жаңа 51-тарауы енгізілді, ол осы санаттардағы істерді қараудың іс жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.
Сот, егер арыз қанағаттандыруға немесе бас тартуға жататын мәнжайлар болған кезде заңсыз алып өту және баланы заңсыз ұстау, қамқоршылық құқығы және қолжетімділік құқығы, ұғымдарын ашатын, АПК-тің 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес Конвенцияның нормаларын тікелей қолдануы керек, сондай-ақ Конвенция негізінде шетелдік заңнамаларын, сот немесе әкімшілік шешімдерді назарға алуы керек.
Конвенция қандай да бір Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрған кез келген балаға қамқоршылық немесе қол жеткізу құқықтарын бұзу актісін жасаудың алдында тікелей қолданылады. Бала 16 жасқа толғанда Конвенцияның қолданылуы тоқтатылады. (Конвенцияның 4-бабы).
АПК-тің 392-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған баланы қайтару немесе осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды (бұдан әрі - баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз) жауапкер оның қорғаншылық құқықтарын немесе қол жеткізу құқықтарын бұзды деп пайымдаған атаанасы немесе өзге де адам сотқа береді не прокурор сотқа береді.
Арыз Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданарлық сотқа беріледі. Егер баланың Қазақстан Республикасының аумағында болу орны белгісіз болса, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз баланың Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған болу орны бойынша немесе жауапкердің Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған орны бойынша осы баптың екінші бөлігінде көзделген сотқа беріледі.
Баланың болу орны өзгерген жағдайда баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз осы бапта белгіленген соттылық ережелерін сақтай отырып, арызды өзінің іс жүргізуіне қабылдаған соттың қарауына жатады.
Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызда тиісті талап Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде қойылатыны көрсетілуге тиіс. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы істері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартында және ҚР АПК-тің 393-бабында көзделген, осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен, талап қоюмен іс жүргізудің жалпы ережелері бойынша қаралып шешіледі.
АПК нормалары осы көрсетілген санат шеңберінде талапкердің екі немесе одан да көп баланы қайтару туралы немесе екі немесе одан да көп балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талаптарын біріктіру жағдайын қоспағанда, бірнеше талап қою талаптарын біріктіруге және баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша қарсы талап қоюына жол бермейді (АПК 395-бап).
Осы тыйым салу баланы қайтару туралы ісінің бала тәрбиесіне байланысты басқа істермен бірігуіне жол бермеуге бағытталған. Осы талаптар Конвенцияның ережесіне негізделген, оған сәйкес баланы қайтару туралы талап қоюын шеше отырып, сот бала ата-ананың қайсысымен бірге тұратыны туралы мәселесін шешпейді.
АПК-тің 394-бабы, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі басқа шаралармен бірге қажет болған жағдайларда судья осы Кодекстің 15- тарауына сәйкес баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жауапкерге баланың болу орнын өзгертуге және оның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеуге тыйым сала алатынын көздейді.
Осы санаттағы істердің процессуалдық ерекшеліктері істерді қараудың қысқартылған мерзімдерін заңнамамен бекіту болып табылады.
Мәселен, мұндай арыздар істі сот талқылауына дайындау және уәжделенген шешімді құру мерзімдерін қоса алғанда сот арызды қабылдаған күннен бастап екі күн мерзімінен аспайтын, мерзімінде қаралады. Істі қараудың қысқартылған мерзімі Конвенцияның 11-бабынң талаптарына сәйкес баланы ұрлау туралы іс бойынша шешімі рәсім басталар алдында алты апта ішінде шығрылуы мүмкін.
Сондай-ақ шешімдерге шағымдану мерзімдері де сот шешім қабылдаған күннен бастап соңғы нысанда он күнге дейін, ал апелляциялық сатыдағы істерді қарау мерзімі Кодекстің 52-таруында белгіленген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімге дейін қысқартылған.
АПК-тің 400-бабының ережесіне сәйкес, баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы, қайтару туралы, оны қозғалыссыз қалдыру, баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қараусыз қалдыру, баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жеке шағым немесе ұсыным бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсаттарында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға (бұдан әрі осы бапта – орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы даумен байланысты іс, егер осындай іс бойынша ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуде жатқан сотқа жіберіледі.
АПК-тің 396-бабына сәйкес баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз прокурордың және қорғаншылық және қамқоршылық органының міндетті түрде қатысуымен қаралады.
Конвенцияның 16-бабының ережесіне сәйкес баланы заңсыз орын ауыстыру немесе күштеп ұстап алу туралы хабар алғаннан кейін аумағына орны ауыстырылған немесе аумағында бала ұсталып отырған Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе әкімшілік сатылары осы Конвенцияға сәйкес бала қайтарылмауы тиіс екені анықталмайынша немесе хабар алғаннан кейін тиісті уақыт кезеңінде арыз берілмейінше қамқоршылық туралы қойылған мәселені шешпейді.
Осыған байланысты АПК-тің 272-бабына іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін жаңа негіздеме енгізілді. Көрсетілген баптың 8-тармақшасына сәйкес сот бала туралы даумен баланысты іс бойынша соттың Қазақстан Републикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе егер бала халықаралық шартта көрсетілген, осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаған болса, балаға қатысты қол жеткізу құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде берілген арызды өндіріске қабылдау туралы сот ұйғарымының көшірмесі келіп түскен жағдайларда іс бойынша өндірісті тоқтата тұруға міндетті.
Одан басқа, АПК-тің 198-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан олардың осы баланы Қазақстан Републикасына заңсыз алып өткені немесе осы баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғаны туралы арыз алынғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда соттың бала туралы даумен байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыру міндетін көздейді.
Егер бала осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын, халықаралық шартта көрсетілген жасқа толмаған болса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс. Конвенцияның көрсетілген талаптары, егер баланы өзге елге шығаруы заңсыз болғаны белгіленген болса, бала заңысыз жеткізілген осы елдің судьясы осы балаға қатысты қандай-да бір ата-аналық құқытары турлы шешім қабылдай алмайды.
Бала жеткізілген елдің судьясы оны алып шығуға дейін тұрған елге қайтаруы туралы ұйғарымын тез арада шығаруы керек. АПК-тің 397-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған баланы қайтару туралы іс бойынша соттың шешімі осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге және баланы тұрақты тұратын мемлекетіне Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қайтарудың негізділігін, баланы қайтару тәртібін, сот шығындарын және баланы қайтаруға байланысты шығыстарды бөлуге арналған нұсқауды немесе баланы тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарудан Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес бас тартудың негізділігін және сот шығындарын бөлуге арналған нұсқауды қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешімі осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге және талапкердің Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қол жеткізу құқықтарын жүзеге асырудың негізділігін, талапкердің қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларын, сот шығыстарын бөлуге арналған нұсқауды немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қол жеткізу құқықтарын жүзеге асырудан бас тартудың негізділігін және сот шығындарын бөлуге арналған нұсқауды қамтуға тиіс.
Сонымен бірге, 1980 жылғы Конвенцияда баланы оның тұрған еліне қайтаруына бірнеше шектеулері бар. Өйткені, Конвенцияның 12, 13, 20- баптарының мағыналары бойынша сот және әкімшілік сатылар баланы қайтарудан, егер:
1) заңсыз әкеткен күннен бастап бір жылдық мерзім өтсе және бала өзінің жаңа ортасына толығымен сіңісіп кеткен деген айғақ болса (Конвенция 12-бап, 2-бөлігі);
2) балаға қамқорлық жасауды жүзеге асырған адам, мекеме немесе өзге де орган орнын ауыстыру немесе күштеп ұстап алу сәтінде іс жүзінде қамқоршылық құқықтарын жүзеге асырмағаны немесе орнын ауыстыруға немесе басып алуға келісім бергендері не кейіннен орнын ауыстыруды немесе басып алуды үнсіз мойындағандары белгілі болса (Конвенция 13-бабы, «а» тармағы);
3) баланы қайтару оның денесінің зақымдану немесе психологиялық жағынан зардап шегу қаупіне айтарлықтай тәуекел бар болса немесе өзге жолмен балаға төзімсіз жағдай жасайтыны дәлелденсе (Конвенция 13- бабы, b тармағы);
4) егер олар баланың қайтып баруға қарсы болса және оның пікірін есепке алмауға болмайтын жасқа және кәмелет деңгейіне жетсе (Конвенция 13- бабы, b тармағы);
5) егер баланы қайтару сұрау салынатын адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтауға жататын мемлекеттің негізгі қағидаттарына қайшы келсе бас тартылуы мүмкін. (Конвенция 20- бап).
Көрсетілген мән-жайлар қабылданған сот шешімін қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысымен, баланы және оны қоршаған басқа да адамдарды психологиялық зерттеу нәтижелерімен расталуы тиіс.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы