664-бабына түсініктеме Жеке ұйғарымның, сот қаулысының, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуының орындалуы бойынша шаралар қабылдамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің .
Лауазымды адамның жеке ұйғарымды, сот қаулысын, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыруы не оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамауы, сондай-ақ жеке ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап бермеуі –
айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік билік институттарының жұмыс істеуін қамтамасыз етудің белгіленген тәртібі болып табылады.
Құқық бұзушылықтың тектік объектісі лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымында, қаулысында, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуында көрсетілген заң бұзушылықтарды қарау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау міндеттерін орындамауы салдарынан туындайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық-процестік кодекстің нормасында, егер істі сотта қарау барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген өзге де заң бұзушылықтар анықталса, сот тиісті ұйымдардың немесе адамдардың назарын қажетті шаралар қабылдауды талап ететін осы мән-жайлар мен заң бұзушылық фактілеріне аудару мақсатында жеке қаулы шығаратыны көрсетілген (53-баптың 4-бөлігі). Сот қажет деп таныған басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 270-бабында заңдылықтың бұзылу жағдайлары анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы екендігі белгіленген. Ал егер бұзушылықтарға мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және мемлекеттік қызметшілер жол берсе, сот тиісті ұйымдарға, лауазымды адамдарға немесе басқару функцияларын орындайтын өзге де адамдарға жеке ұйғарым шығарып, жібереді. Олар бір ай мерзім ішінде қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті. Қабылданған шаралар туралы хабарламау жеке ұйғарым жолданған адамдардың әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды.
Г.Н. Минасян атап өткендей, жеке ұйғарымдар құқық бұзушылықтардың себептерін жою құралдарының бірі болып табылады. Олар негізгі даудың шегінен шығатын, бірақ онымен байланысты мәселелерге қатысты болады және соттың істі қарау барысында анықтаған заң бұзушылықтарын, ұйымдар жұмысындағы кемшіліктерді, жекелеген азаматтардың адамгершілікке жат қылықтарын және тағы басқаларды жоюға бағытталады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Сот актілері мен судья талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мысал ретінде, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымды адамы Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі – БҚО МАЭС) жеке ұйғарымы бойынша шаралар қабылдамағаны үшін ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын келтіруге болады.
2016 жылғы 7 маусымда БҚО МАЭС азаматтық істі қарау барысында анықталған заңдылық бұзушылықтары туралы Орал қаласының әкіміне хабарлау, болашақта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу және оларды жасаған адамдарға қатысты шаралар қабылдау мақсатында жеке ұйғарым шығарғаны анықталған. Лауазымды адамға соттың жеке ұйғарымын қарау тапсырылғанына қарамастан, ол оны қарамаған, кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдамаған және қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынбаған. Осылайша, ӘҚБтК-нің 664-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот оны ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша кінәлі деп танып, 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартқан.
Сондай-ақ ҚПК-нің 200-бабы («Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну») қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды анықтаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе олардың басқару функцияларын орындайтын адамдарына ұсыну енгізуге құқылы екенін көздейтінін атап өткен жөн.
Осы ереженің орындалуы ҚПК-нің 60-бабында көзделген: «Тергеушінің өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық іс бойынша шығарған қаулысы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берілген ұсынулар, тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті түрде орындалуға жатады».
Сонымен қатар прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлық қадағалау актілерін шығара алады. Осындай актілердің бір түрі – ұсыну.
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, прокурор өз құзыреті шегінде мынадай мәселелер бойынша ұсыну енгізеді:
- заңдылықтың бұзылуын жою туралы;
- қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығына ие адамдарды осы құқықтан айыру мәселелері бойынша;
- заңда көзделген өзге де жағдайларда.
Ұсыну лауазымды адам немесе орган тарапынан күнтізбелік отыз күн ішінде қаралуға тиіс. Адамның өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне орны толмас салдарлар туындауы мүмкін жағдайларда ұсыну прокурор белгілеген мерзімде қаралады.
Жоғарыда аталған заңның 23-бабының 2-бөлігінде ұсынуды қарау міндеті белгіленген: «Заңда белгіленген негіздерде, тәртіппен және шектерде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері өздері жолданған органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы үшін міндетті болып табылады. Прокурорлық қадағалау актілерін қарамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады».
Өз кезегінде, М.В. Бызова өз еңбегінде прокурордың ұсыну енгізу жөніндегі өкілеттіктерін заңнамалық реттеудің қазіргі кезеңінде ұсынуға мынадай жалпылама анықтама берген: ұсыну – прокуратура органдарының заңда көрсетілген лауазымды адамы заң бұзушылықтарды, олардың себептері мен туындауына ықпал ететін жағдайларды жоюға уәкілетті субъектіге енгізетін прокурорлық ден қою актісі. Ол прокурордың тиісті талаптарын қамтиды, бұзушылықтың жолын кесу (бұзылған құқықты қалпына келтіру), алдын алу және кейбір жағдайларда жазалау сипатында болады әрі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға бағытталады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы мынадай саралаушы белгілерден тұрады:
- соттың жеке ұйғарымы мен қаулысын қараусыз қалдыру;
- тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыру;
- прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыру;
- соттың жеке ұйғарымы мен қаулысында көрсетілген бұзушылықтарды жоймау;
- тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуында көрсетілген бұзушылықтарды жоймау;
- прокурордың ұсынуында көрсетілген бұзушылықтарды жоймау;
- жеке ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап бермеу.
Осылайша, лауазымды адам соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың ұсынуын, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуын алғаннан кейін осы құжаттарда көрсетілген бұзушылықтарды жоюға міндетті. Жалпы ереже бойынша, ескертулерді жою үшін бір ай мерзім беріледі, алайда нақты жағдайларда бұл мерзім нақтылануы мүмкін.
Жеке ұйғарым, қаулы немесе ұсыну орындалмаған жағдайда, оны шығарған адам растайтын құжаттарды жинап, хаттама жасау және кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалдарды ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті органға жіберуге тиіс.
Қарастырылып отырған құқық бұзушылықтың объективтік жағы лауазымды адамның әрекетсіздігімен сипатталады. Ол соттың жеке ұйғарымын (қаулысын), прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдырудан, оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаудан, сондай-ақ осы құжаттарға жауап беру мерзімдерін бұзудан көрінеді.
Осы бап бойынша жауаптылық субъектілері – қарастырылып отырған баптың диспозициясында көрсетілген құжаттар жолданған лауазымды адамдар.
ӘҚБтК-нің 30-бабына сәйкес, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылықты өзінің қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылыққа жатады.
Лауазымды адамдар деп әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған, не мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар танылады.
Қарастырылып отырған бапта көзделген құқық бұзушылықтың субъективтік жағы қасақаналықпен сипатталады.
ӘҚБтК-нің 804-бабының 1-бөлігіне сәйкес, осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғауға сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген басқа да сот қызметкерлері құқылы (57-тармақ).
Осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары қарайды (ӘҚБтК-нің 684-бабының 1-бөлігі).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша)
Авторлар ұжымы:
Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп);
Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;
Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А.В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп);
Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен және Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;
Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;
Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;
Омарова Ботагоз Акимгереевна, заң ғылымдарының кандидаты – 17-тарау; 18-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп);
Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 19, 32-тараулар (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А.С. Тукиевпен бірлесіп);
Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;
Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;
Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С.В. Корнейчукпен және Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 9-тарау; 10-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен және В.В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42, 43-1-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;
Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 45-тарау; 46-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 47-тарау;
Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен және Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп);
Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен және С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С.Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;
Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен және В.В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар.
Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп).
Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020
Актінің қабылданған күні: 01.01.2020
Қабылданған жері: 100050000000
Актіні қабылдаған орган: 103001000000
Қолданылу өңірі: 100000000000
Құқық нормаларын шығаратын орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 5
Актінің мәртебесі: жаңа
Құқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000
Актінің нысаны: түсініктеме / кодекс
Заңдық күші: 1900
Актінің тілі: орыс тілі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау