Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 305-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

305-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

305-бап. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау, тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы: 

      1) уақытша әкелінген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен, оның ішінде осы Кодекстің 359-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырумен; 

      2) уақытша әкелінген тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен; 

      3) мән-жайлар туындағанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын, Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлардың туындауымен аяқталады. 

      2. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:  

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінген тауарларды осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы; 

      2) қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының қайта басталуымен; 

      3) егер бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағына оларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған кезде кеден органы тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін осы кедендік рәсіммен орналастырылса, уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. 

      3. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы уақытша әкелінген тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен не Комиссия айқындайтын жағдайларда – арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.  

      Уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру нәтижесінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру жағдайын айқындау кезінде Комиссия кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімін айқындауға құқылы. 

      4. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.  

      5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады. 

      6. Кеден органы осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағында уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жағдайларын, шарттарын және тәртібін Комиссия айқындайды.  

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

46-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

46-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтауҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу: 1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiз...

Толық оқу »

241-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

241-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімін...

Толық оқу »

19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босатуҚазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы...

Толық оқу »

55-бап. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

55-бап. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтауТөлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы      1. Егер төлем қолма-қол ақша пайдаланыла отырып жүзеге асырылса, онда па...

Толық оқу »

246-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

246-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданылуы ос...

Толық оқу »

253-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

253-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы, тоқтатыла тұруы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1...

Толық оқу »

296-бап. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

296-бап. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау және тоқтату Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолда...

Толық оқу »

324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы қаулы...

Толық оқу »

499-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздері

499-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздеріЗаңды күшіне енген, оның ішінде осы Код...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайдыКӛкшетау облыстық соты мысал ретінде С...

Толық оқу »

324-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

324-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруСудья іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы...

Толық оқу »

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулыс...

Толық оқу »