368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сотталушының iс бойынша сотқа дейiнгi іс жүргізу кезінде берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс-, бейне жазбасын немесе киноға түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге:
1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;
2) егер iс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
3) сот талқылауы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берiлген айғақтардың арасында елеулi қайшылықтар болған кезде жол берiледi.
2. Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс-, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге жол берiлмейдi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы