132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Он сегiз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартуы –
үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4 Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5 Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық топтың қылмыстық әрекетіне тартуға байланысты іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы