Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 393-бап. Айыптау үкiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

393-бап. Айыптау үкiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

393-бап. Айыптау үкiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Айыптау үкiмi соттың сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiмiн қамтиды.

      2. Айыптау үкiмi:

      1) сотталушы өтеуге тиiсті қылмыстық жаза тағайындала отырып;

      2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;

      3) қылмыстық жаза тағайындалып және оны өтеуден босата отырып;

      4) қылмыстық жаза тағайындалмай;

      5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.

      3. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.

      4. Сот сотталған адам өтеуге тиiсті жазаны тағайындай отырып, айыптау үкiмiн шығарып, жазаның түрiн, мөлшерiн, режимiн және оны өтеу мерзімін есептеудiң басталуын дәл айқындауға тиіс.

      5. Сот, егер осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып шығарады.

      6. Сот, егер үкiм шығару кезiнде:

      1) сотталған адамға осы үкiммен тағайындалған жазаны қолданудан немесе өтеуден босататын рақымшылық жасау актiсi шығарылған;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62-бабында белгiленген алдын ала қамауға алуды есепке жатқызу қағидаларын ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының күзетілуде болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.

      7. Егер айыптау үкiмiн шығару кезiнде сотталушы қайтыс болса, сот iстi тоқтатады немесе тараптардың өтiнiшхаты бойынша айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай шығарады.

      8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабында және 76-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра отырып шығарады.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Егер лауазымды адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса және оларды орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған жағдайда ғана немқұрайлылық үшін айып тағылуы мүмкін.

Егер лауазымды адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса және оларды орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің з...

Толық оқу »

Айыптау қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы туралы болжамдарға емес, дәлелденген дәлелдерге негізделуі керек

Айыптау қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы туралы болжамдарға емес, дәлелденген дәлелдерге негізделуі керекАқмола об...

Толық оқу »

Адвокат қылмыстық істер бойынша заңгер Алматыда айыптау үкімі сотталған адамның бастапқы айғақтарына негізделе алмайды және егер іс бойынша маңызды мәні бар зерттелмеген мән-жайлар болса, айыптау заңсыз деп таныла алмайды.

Адвокат қылмыстық істер бойынша заңгер Алматыда айыптау үкімі сотталған адамның бастапқы айғақтарына негізделе алмайды және егер іс бойынша маңызды мәні бар зерттелмеген мән-ж...

Толық оқу »

Айыптау үкімін болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.

Айыптау үкімін болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сотының 2012 жылғы 17сәуірде...

Толық оқу »

393-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің айыптау үкімі

393-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің айыптау үкіміАйыптау үкімінде соттың тану туралы шешімі барқылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін...

Толық оқу »