393-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздар бойынша істер (бұдан әрі – баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта және осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен, талап қою ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралады және шешіледі.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы