396-бапқа түсініктемелер. Баланы қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы өтінішті қарау
1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы өтініш прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндетті қатысуымен қаралады.
2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы өтінішті сот істі сот талқылауына дайындауға және дәлелді шешім жасауға арналған мерзімді қоса алғанда, сот өтінішті қабылдаған күннен бастап қырық екі күннен аспайтын мерзімде қарайды.
1. АІЖК-нің 54-бабының екінші бөлігіне сәйкес прокурор өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кіруге құқылы. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы қоғамдық мүдделерді немесе өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттілігін сот немесе прокурор мойындаған кезде мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша міндетті болып табылады.Түсініктеме берілген баптың бірінші бөлігінде баланы қайтару туралы немесе оған прокурордың да, баланың мүдделерін негізге ала отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның да қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы өтінішті қарау кезінде қатысу міндеттілігі заңда тікелей көзделген.
2. Істердің осы санаты бойынша өтініштер АІЖК-нің 183-бабында көзделгеннен неғұрлым қысқартылған мерзімде қаралады, өйткені бұл басқа елдегі баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты және өтінішті жедел қарауға бағытталған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Астана, 2016 жыл
УДК 347 (574)
К 63
ISBN 978-601-236-042-4
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы