396-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қарау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндетті түрде қатысуымен қаралады.
2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды сот, істі сот талқылауына дайындауға және уәжді шешім жасауға арналған мерзімді қоса алғанда, соттың арызды қабылдаған күнінен бастап қырық екі күннен аспайтын мерзімде қарайды.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы