42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын орнықты төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және алдыңғы үш жылдағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;
6) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
8) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішіне кредиторлар жиналысының хаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататындығы және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екендігі туралы қорытынды қоса беріледі.
4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) борышкердің осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын уақытша төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты қуынымдар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;
5) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
6. Осы Заңның 95-1-бабы 4-тармағында көзделген жағдайда борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) осы Заңның 95-1-бабында көзделген тәртіппен келісілген оңалту жоспары;
2) оңалту жоспарын келiсу туралы кредиторлар жиналысының хаттамасы;
3) оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру ескеріле отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы қоса берiледi.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау