710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.
2. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi.
3. Клиент қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттердi бұзуына байланысты экспедиторға келтiрген залалдары үшiн клиент жауапты болады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы