45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) кредитордың өтiнiшi мен оған қоса берілетін құжаттар көшiрмелерінiң борышкерге және уәкiлеттi органға жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар екендігін және сомасын;
4) кредитор талаптарының (атқару құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитор талаптарын борышкердiң жазбаша түрде тануы) негізділігін;
5) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мән-жайларды (бар болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледi.
Кредитордың өтiнiшiне кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалмайды.
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Оңалту рәсімін қолдану туралы кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне:
1) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін;
2) борышкерге өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін;
3) борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар екендігін және сомасын;
4) алып тасталды - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) кредитор өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды (болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледі.
Кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адам арасында жасалған уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі кредитордың өтінішіне қоса беріледі.
4. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің өтінішіне осындай қатысушылардың Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешімі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау