Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 80-бап. Қоғамның құжаттары Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

80-бап. Қоғамның құжаттары Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

80-бап. Қоғамның құжаттары Акционерлік қоғамдар туралы Заңы 

      1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы цифрлық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс. 

      Мына құжаттар: 

      1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

      2) құрылтай жиналысының хаттамалары; 

      3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

       4) алынып тасталды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

       5) алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен; 

      6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар; 

      7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 

      8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері; 

      9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту; 

      10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 

      11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар; 

      12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі; 

      13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі осы Заңға, қоғамның жарғысына және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес акционерлердің құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша материалдар; 

      14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары; 

      15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс. 

      2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 

       3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.  

       Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.  

       Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.  

      4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған: 

      1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған; 

       2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;  

       3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;  

      4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

6-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

6-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      1. Мыналар:      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;      2) Қазақстан Ре...

Толық оқу »

108-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

108-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді...

Толық оқу »

80-бап. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

80-бап. Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Осы Кодексте айқындалған тұлғалар кед...

Толық оқу »

22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік ауд...

Толық оқу »

8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік...

Толық оқу »

123-бап. Кредитордың өтінішіне немесе борышкердiң пiкiрiне қосымша қоса берілетін құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы

123-бап. Кредитордың өтінішіне немесе борышкердiң пiкiрiне қосымша қоса берілетін құжаттарОңалту және банкроттық туралы Заңы      Кредитордың өтінішiне немесе борышкердiң пiкi...

Толық оқу »

15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi  4 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңы

15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi 4 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ ҮШ...

Толық оқу »

779-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің құжаттары

779-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің құжаттары 1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке тұлғалар баяндаған немесе...

Толық оқу »

ҚР шет елдердегі мекемелерінде азаматтыққа қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар

ҚР шет елдердегі мекемелерінде азаматтыққа қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттарҚазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Ж...

Толық оқу »

42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы

42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттарОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне:      1) мемлекеттiк баждың б...

Толық оқу »

45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы

45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттарОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:      1) мемлекеттiк б...

Толық оқу »

779-бап. Құжаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

779-бап. Құжаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған м...

Толық оқу »

89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі ...

Толық оқу »

155-бап. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

155-бап. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

312-бап. Бала асырап алу туралы арызға қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

312-бап. Бала асырап алу туралы арызға қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Асырап алу туралы арызға: 1) некеде тұрған адамдардың (...

Толық оқу »

149-бап. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

149-бап. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қоюға: 1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 120-бабына түсініктеме. Құжаттар

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 120-бабына түсініктеме. Құжаттар1. Құжаттар, егер оларда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар баяндаға...

Толық оқу »

179-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

179-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік декларацияда мәлімделген...

Толық оқу »

312-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін асырап алу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар

312-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін асырап алу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарБала асырап алу туралы өтінішке мыналар қос...

Толық оқу »

149-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап арызына қоса берілетін құжаттар

149-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап арызына қоса берілетін құжаттар1. Талап арызға қоса беріледі:1) жауапкерге немесе оның ө...

Толық оқу »

115-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар Оңалту және банкроттық туралы Заңы

115-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Салықтар және кедендік төлемдер бойынш...

Толық оқу »

710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi ту...

Толық оқу »

8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы

8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы      1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы ста...

Толық оқу »

9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдеріҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы      1. Өтіні...

Толық оқу »

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:      1) Қазақстан Республикасы азам...

Толық оқу »