32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет.
Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
2) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі немесе пана іздеген адамның куәлігі;
3) білімі туралы құжат, тиісті білімді, машықтар мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде арнаулы білімінің немесе кәсіптік даярлығының, қайта даярлығының болуы туралы құжат.
Арнаулы білім – нақты лауазым, кәсіп немесе жұмыстар түрі бойынша еңбек міндеттерін тиісінше орындау үшін қажетті кәсіптік оқыту, даярлау, қайта даярлау немесе практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған, белгілі бір кәсіптік саладағы теориялық және практикалық мәліметтер жиынтығы;
3-1) білім деңгейіне қойылатын, тиісті кәсіптік стандарттарда немесе осы Кодекске сәйкес біліктілік талаптарында белгіленген талаптар болмаған жағдайда, кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат (бар болса);
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
3. Адам осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға кірген кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелері немесе "цифрлық үкіметтің"" веб-порталы арқылы талап етіп алдырады.
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау