47-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық ұйымда болу мерзімдері Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Заңда көзделген айрықша жағдайлардан басқа, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге орналастырылуы мүмкiн.
2. Сот сараптамасына ерікті түрде тартылатын адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісуімен сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының сарапшысы болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтiнiшхаты бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
3. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның онда болу мерзiмiнiң, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзарту тәртiбiнiң бұзылуына аталған адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi немесе iске қатысуға жiберiлген өзге де өкiлдер заңда көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау