87-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері Қазақстан Республикасының Экология кодексі
Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері жатады:
1) экологиялық рұқсаттар алу үшін I және II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы және осы Кодексте көзделген өзге де жобалау құжаттары;
Теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі жобалау құжаттарын қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде бұрын келісілген жобалау құжаттарында көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдері өзгерген жағдайда, жобалық шешімдер өзгермеген және осы Кодекстің 76-бабы 7-тармағының талаптары сақталған жағдайда, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту талап етілмейді;
2) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде қажетті III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы және осы Кодексте көзделген өзге де жобалау құжаттары;
3) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуге әкелуі мүмкін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;
4) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді және инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру, республикалық және жергілікті республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің, табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарларының жобалары;
5) аумақтарды зерттеудің осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін материалдары;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызметтің жобалары;
Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің тәртібі мен тетігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша айқындалады.
7) бұрын ядролық қаруды сынау жүргізілген, сондай-ақ әскери полигондардың әсеріне ұшыраған жерлерді кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдары;
8) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобалары және мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін ерекше қорғау учаскелерін бөлу үшін орман орналастыру және (немесе) арнайы зерттеулер;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті түрде болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлеріне арналған жобалау құжаттары және өзге де құжаттар жатады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде жүргізіледі және мемлекеттік экологиялық сараптаманың жеке қорытындысы берілмейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау