⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 79-бап. Сотталғандық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

79-бап. Сотталғандық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

79-бап. Сотталғандық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейiн сотталған болып есептеледi. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы айқындалған кезде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.
  2. Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ деп танылады.
  3. Сотталғандық:

      1) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты – пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң;

      2) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiне сотталған адамдарға қатысты – жазаны іс жүзінде өтеген соң;

      3) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өткен соң;

      4) ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өткен соң;

      5) аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өткен соң жойылады.

  1. Егер сотталған адам Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi жазаның неғұрлым жеңiл түрімен ауыстырылса, онда сотталғандықты жою мерзiмi жазаның іс жүзінде өтелген мерзiмi негiзге алына отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.
  2. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда сотталғандықты жою мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.

      Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның негізгі түрін өтеу кезінен бастап есептеледі.

  1. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде, сотталғандық әрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жою мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.
  2. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, онда сот оның өтiнiшхаты бойынша сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан сотталғандықты алып тастай алады.

      Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

  1. Егер сотталған адам сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн қайтадан қылмыс жасаса, сотталғандықты жою мерзiмiнің өтуі үзіледі. Бiрiншi қылмыс бойынша сотталғандықты жою мерзiмi соңғы қылмыс үшiн негiзгi және қосымша жаза түрлерін іс жүзінде өтегеннен кейiн қайтадан есептеледi. Бұл жағдайларда адам екi қылмыстың анағұрлым ауыры үшiн сотталғандықты жою мерзiмi өткенге дейiн олар үшiн сотталған деп есептеледi.
  2. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулерді және осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодексте көзделген барлық қылмыстық-құқықтық салдарлардың күшiн жояды.
  3. Сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін айқындаған кезде сотталғандықты жою немесе алып тастау ескерілмейді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых  несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 79. Виды наказаний, назначаемых несовершеннолетним УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Видами наказаний, назначаемых несовершеннолетним, яв...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процесса Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 99. Обязательность рассмотрения ходатайств участников уголовного процессаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Участники уголовного пр...

Толық оқу »

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылар...

Толық оқу »

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі, осы тарауда көзделген ерекш...

Толық оқу »

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиға...

Толық оқу »

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық...

Толық оқу »

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:...

Толық оқу »

Комментарий к статье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговора Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 476. Вопросы, подлежащие рассмотрению судом при исполнении приговораУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан К ведению суда относится рассмот...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы. Істерді бұйрықтық і...

Толық оқу »