Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

   1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі түрі көзделсе, адамды:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда;

      2) осы Кодекстің 218, 218-1, 248 және 249-баптарында көзделгендерді қоспағанда, экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

      2. Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің:

      1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;

      2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен;

      3) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде – төрттен үшiнен;

      4) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасаған кезде бестен төртінен асыруға болмайды.

      Егер ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделсе, осы бөліктің ережелері қолданылмайды.

      3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан, адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін – төрттен үшiнен, ал адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бестен төртінен асыруға болмайды. Айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде тағайындалады.

      4. Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

      5. Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

      6. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, жаза осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.

      7. Қылмысқа дайындалғаны немесе оқталғаны үшін жаза тағайындалған жағдайларда, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер осы Кодекстің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.

      8. Осы баптың ережелері адамды қасақана қазаға ұшыратумен байланысты қылмыс, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды.

      Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінің ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

      9. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамға жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

      Дәл сол жағдайларда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

 

 

 

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзі...

Толық оқу »

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК осы қылмысы үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК осы қылмысы үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау 1. Іс-әрекеттің мақсаттары мен уәждеріне,...

Толық оқу »

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген с...

Толық оқу »

Жәбірленушінің сотталған адамды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау Жәбірленушіге алғашқы сотталғандығына сотталғандығына оның кінәсін мойындауына және өкінуіне толық өтеу фактісі туралы ұстанымы ескерілмеген

Жәбірленушінің сотталған адамды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау Жәбірленушіге алғашқы сотталғандығына сотталғандығына оның кінәсін мойындауына және ө...

Толық оқу »

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер қыл...

Толық оқу »

Ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыру

Ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айыруШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 2 сотының ү...

Толық оқу »

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республи...

Толық оқу »

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды кү...

Толық оқу »

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындау

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындауШымкент қаласы Абай аудандық сотының 2...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және мат...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табылады

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табыладыҚК 72-бабының ережелері бас бостандығын шектеуге сотталған...

Толық оқу »

57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

57-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталға...

Толық оқу »

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралыҚаза...

Толық оқу »

6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

6-бап. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Заңды күшіне енген сот үкімі немесе...

Толық оқу »

6-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы  Осы Заңның 5-бабында аталған, соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес органдардың шешiмдерiмен қылмыстық жазаға тартылған, iстерiнде мына төмендегi жасаған қылмыстары жеткiлiктi дәлелденген адамдар ақталуға жатпайды:

6-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Осы Заңның 5-бабында аталған, соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес органда...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайды

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайдыҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ма...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бост...

Толық оқу »

24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Айыппұл, сон...

Толық оқу »

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

95-бап. Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Жазаны орындау кезеңінде оны даралау мақсат...

Толық оқу »

438-бапқа түсініктеме. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі

438-бапқа түсініктеме. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының қылмыстық п...

Толық оқу »

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді негізсіз тағайындаған, осыған байланысты сот актілері өзгертілген

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркі...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруСоттардың ұстанымы бойынша ШМБ мен ЖЖА-ның басты шарттарының бірі залалдың орнын толтыру, өнді...

Толық оқу »

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруҚІЖК-нің 480-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазаны орындайтын мекеме не...

Толық оқу »

Түзеу мекемесінің түрі абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тағайындалады

Түзеу мекемесінің түрі абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің ме...

Толық оқу »

52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

52-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстары сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтег...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республи...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мәселесі туралы

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мәселесі туралы🔷 Жалпы сипаттамаҚК-нің 55-бабы соттарға қылмыстық құқық бұзушылық үшін санкция...

Толық оқу »

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратифика...

Толық оқу »

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзі...

Толық оқу »