Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы 11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы 11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы 11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ Сақтандыру қызметі туралы Заңы 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі. 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін. 

      Өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға бұрын берілген барлық лицензияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті. 

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізу үшін рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады. 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады. 

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлер жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.  

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды. 

      Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады. 

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс: 

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда); 

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары. 

      3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап отыз бес жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс. 

      6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде өздерінің барлық сақтанушысына алдағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ету және тиісті хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялау арқылы хабар беруге міндетті. 

      7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. 

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

      9. Осы баптың талаптары: 

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы; 

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 

      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Комментарий к статье 45. Реорганизация юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 45. Реорганизация юридического лица Гражданского кодекса Республики Казахстан Комментируемая статья предусматривает пять форм реорганизации юридическ...

Толық оқу »

101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша...

Толық оқу »

Комментарий к статье 93. Реорганизация и ликвидация акционерного общества  Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 93. Реорганизация и ликвидация акционерного общества Гражданского кодекса Республики Казахстан Помимо общих оснований и общих правил реорганизации и...

Толық оқу »

11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы

11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы      1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор жарғысын...

Толық оқу »

17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Закона О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан

17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және таратуЗакона О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан      Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қаза...

Толық оқу »

20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы      1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұй...

Толық оқу »

40-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

40-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыруАуыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы      1. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бө...

Толық оқу »

25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және таратуМикроқаржылық қызмет туралы Заңы      1. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы

18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және таратуДіни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы      1. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының за...

Толық оқу »

7-бап. Университетті, Зияткерлік мектептерді және Қорды қайта ұйымдастыру, тарату "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

7-бап. Университетті, Зияткерлік мектептерді және Қорды қайта ұйымдастыру, тарату"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі ту...

Толық оқу »

130-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

  130-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және таратуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР...

Толық оқу »

93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе...

Толық оқу »

15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату  Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және таратуИнвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы      1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру...

Толық оқу »

Комментарий к статье 101. Реорганизация и ликвидация производственного кооператива   Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 101. Реорганизация и ликвидация производственного кооператива Гражданского кодекса Республики Казахстан Реорганизация и ликвидация являются способами...

Толық оқу »

15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және таратуҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы      Кредиттік бюроларды...

Толық оқу »

16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы Уәкілетті органды қайта ұйымд...

Толық оқу »

47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

47-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру акционерлерді...

Толық оқу »

81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру    10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру 10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және таратуАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөл...

Толық оқу »

Реорганизация, слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование, Ликвидация товарищества

Реорганизация, слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование, Ликвидация товарищества Доля участника может быть внесена в уставный капитал товарищества за сче...

Толық оқу »

17-бап. Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және тарату Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы

17-бап. Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және тарату Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы       Қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару...

Толық оқу »

6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы

6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және таратуЖобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы      1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдас...

Толық оқу »

53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Кәсіпкерлік субъектісі болы...

Толық оқу »

24-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру  6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

24-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы       1. Өндiрiстiк кооператив өзiнiң құры...

Толық оқу »

61-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру  VI тарау. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

61-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыруVI тарау. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ Жауапкершілігі шектеулі және қосы...

Толық оқу »

25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы       1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы...

Толық оқу »