107-бап. Банкті және банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
Уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатын беруден бас тарту мынадай кез келген негiз бойынша жүргiзiледi:
1) қайта ұйымдастырылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
2) болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан депозиторлардың мүдделерiне нұқсан келтіру;
3) уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы