908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен алады.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы шарасы қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Рұқсаттың қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы