73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы
1. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мақсатында ішкі істер органдары мынадай арнаулы іс-шараларды жүргізеді:
1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдар арасында құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын анықтау, жою;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар адамдарды профилактикалық есепке алу және бақылау;
3) қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын белгілеу;
4) әкімшілік қадағалауды белгілеу;
5) пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
6) электрондық бақылау құралдарын қолдану;
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметтік оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге даярлау;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға криминалдық субмәдениеттің ықпалына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
9) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдарды өмір бойы есепке алу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
2. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру ішкі істер органдарына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау