Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы үкімімен А. бұрын: 1) 2000 жылғы 19 желтоқсанда ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған; 2) 2004 жылғы 16 ақпанда ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. 3) 2009 жылғы 17 маусымда ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің «а,б» тармақтарымен ҚК-нің 60-бабын қолдану арқылы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 2015 жылғы 30 маусымда ҚК-нің 72-бабының негізінде 1 жыл 8 ай 28 күнге жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. - ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының негізінде 2009 жылғы 17 маусымдағы үкіммен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу жолымен түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Сот үкімімен А. жәбірленушілер К. мен Н. денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен сот үкімі өзгертілген: сотталған А.-ға жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Қорғаушы Т. сотталғанның өтінішхатын қолдаған, прокурор П.-нің сотталғанға ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы мен ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігін қолданып, түпкілікті 7 жыл 8 айға жаза тағайындауды сұраған пікірлерін тыңдап, қылмыстық іс материалдарымен танысып, өтінішхаттағы уәждерді зерттеп, сот алқасы мынадай шешімге келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері негізінде заң мен сот алдында барлығы тең, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Бірінші сатыдағы сот сотталғанның қылмыстық әрекетін іс бойынша жинақталған және басты сот талқылауында жан-жақты толық, объективті бағаланып, зерттелген дәлелдемелермен күмәнсіз анықтаған.

 Іс бойынша жинақталып, зерттелген дәлелдемелерге сәйкес сотталған А. мен жәбірленуші Н. екеуінің араларында арақ ішу кезінде ұрыс-керіс болып, бас араздықтың салдарынан сотталған А. жәбірленушілер К. мен Н.-ның іш тұстарынан ас үй пышағымен ұрып, оларға ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын салып, оқиға болған жерден кетіп қалған. Сотталған А.-ның кінәсі басты сот талқылауында өз кінәсін толық мойындаған жауабымен, жәбірленушілер К. мен Н.-ның, куәлар Ғ., Г. және Ж.-ның жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау, айғақ заттарды алу хаттамаларымен, сот медициналық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ істе жинақталған басқа да дәлелдемелермен толық бекітілген. Бірінші сатыдағы сот жинақталған дәлелдемелерге заң тұрғысында дұрыс баға беріп, сотталған А.-ның қылмыстық іс-әрекетін ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен дұрыс саралаған. Іс бойынша анықталғандай, бірінші сатыдағы сот А.-ға жаза тағайындағанда, оның қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындағанын, өзінің іс-әрекетіне шын ниетпен өкінетінін, сонымен қатар сотталған А.-ның жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстардың қауіпті қайталануын таныған. Сонымен қатар, үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде А.-ның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыру жазасына сотты бола тұра, тағы да ауыр қылмыс жасағаны үшін оның іс-әрекетінде ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстың қауіпті қайталануы танылуға жататыны көрсетілген.

Алайда, үкімнің қарар бөлігінде қылмыстың қауіпті қайталануын тану туралы шешім қабылданбаған. «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысының 2-тармағында: «Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет»,- деп көрсетілген. Бірінші сатыдағы сот осы істі қарау кезінде жоғарыда аталған заң нормалары талаптарының бұзылуына жол беріп, үкімнің қарар бөлігінде қылмыстың қауіпті қайталануын көрсетпеген, яғни заңға сәйкес қылмыстың қайталануын танымаған. Ал апелляциялық сот алқасы аталған кемшілікті анықтай отырып, үкімді тек жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу бөлігінде ғана өзгерткен. Демек, жоғарыда аталған заң нормаларының талаптарына сай қылмыстың қауіпті қайталануының танылмауы, сотталған А.-ның іс-әрекетінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқ екендігін көрсетеді. Сондай-ақ ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігіне сәйкес А.-ның жасаған қылмыстық әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады. ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес ауыр қылмыс жасаған кезде, жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жай болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екiсiнен асыруға болмайды.  Сотталған А. кінәлі деп танылған ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының санкциясында жазаның ең жоғарғы мерзімі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген. Сондықтан сотталған А.-ға ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен тағайындалған жаза мерзімі ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес 6 жыл 8 айдан аспауы қажет. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған А.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, А.-ның іс-әрекетінен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде көрсетілген қылмыстың қауіпті қайталануы алынып тасталды. Сотталған А.-ға ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен тағайындалған жаза мерзімі ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы қолданылып, 6 жыл 8 айға дейін төмендетілді. ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігі негізінде тағайындалған жазаға 2009 жылғы 17 маусымдағы сот үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы, түпкілікті 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, сотталған А.-ның өтініш хаты ішінара қанағаттандырылды. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығына...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл мә...

Толық оқу »

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілдіАлматы облысы...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау

Қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау🔷 1. ҚР ҚК-нің 59-бабының жалпы сипаттамасы59-бап қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы бол...

Толық оқу »