Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді
Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының 2018 жылғы 2 сәуірдегі үкімімен: Т. бұрын, 2016 жылғы 8 маусымда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 293-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен, 380-бабының 1-бөлігімен, 63-бабының негізінде 3 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған, - ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚК-нің 64-бабының 5-бөлігіне сәйкес 2016 жылғы 8 маусымдағы үкіммен шартты түрде соттаудың күші жойылған. ҚК-нің 60-бабына сәйкес түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталған. Сот үкімімен Т. жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданып, не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Бас Прокурор наразылығында сотталған Т.-ның кінәсінің дәлелденуі мен қылмыстық әрекетінің саралануын дауламай, соттың сотталғанның бұрын сотталғандығын ескермегенін, әрекетінде қылмыстың қайталануы танылмағанын, осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінің түрі дұрыс белгіленбегенін көрсетіп, сот актілерін өзгертіп, сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануын танып, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесін тағайындауды сұраған. Сотталған Т.-ға қатысты үкімде көрсетілген мән-жайлар басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген және объективті бағаланған дәлелдемелермен бекітілген.
Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді
Сотталған Т.-ның кінәсі оның өз айыбын ішінара мойындаған жауаптарымен, жәбірленушілер М.-ның, А.-ның басты сот талқылауында берген жауаптарымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген. Жәбірленушілер М. мен А. басты сот талқылауында берген жауаптарында, оқиға болған түні сотталған Т. мен белгісіз тұлға екеуі өздерін тоқтатып, ұрып-соғып, ұялы телефондарын тартып алғанын көрсеткен. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, А.-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілген. Сот Т.-ның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен дұрыс саралаған. Іс материалдарымен анықталғандай, Т. бұрын 2016 жылғы 8 маусымдағы үкіммен ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған. ҚК-нің 14-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың қайталануы деп адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру шартты түрде тағайындалған (ҚК-нің 63-бабы қолданыла отырып) не үкімді орындауды кейінге қалдыру қолданылған кезде (ҚК-нің 74 және 76-баптары) және осы адам пробациялық бақылау кезеңі ішінде немесе үкiмдi орындауды кейiнге қалдырған кезең iшiнде жаңа қылмыс жасағанда не шартты түрде соттаудың немесе үкімді орындауды кейiнге қалдырудың күші жойылып осы адам сот үкімі бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберiлген жағдайда қылмыстың қайталануын тану кезінде адамның ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін алынбаған және жойылмаған бұрынғы соттылығы ескерiлуге тиіс.
Сонымен қатар, ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 3) тармағына сәйкес, қылмыстардың қайталануы кезінде сотталған еркектерге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалады. Бірінші сатыдағы сот Т.-ның әрекеттерінде ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстардың қайталануын танымаған, сондай-ақ жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді дұрыс анықтамаған. Осыған орай, сотталған Т.-ның әрекетінде ҚК-нің 14-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстардың қайталануын танып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді тағайындау қажет. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған М.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталған Т.-ның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танып, ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінің 1) тармағының негізінде оны сотталғанның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде таныды. ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 3) тармағына сай Т.-ның жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалып, сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді
88 рет жүктеп алынды -
Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді
83 рет жүктеп алынды