Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2017 жылғы 12 қаңтардағы үкімімен Ш. бұрын 2016 жылғы 27 қазандағы Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 7) тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, - ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен жеке мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес тағайындалған жазаларды iшiнара қосу арқылы жеке мүлкі тәркіленіп, түпкiлiктi 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалған. ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес Ш.-ның әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Сот үкімімен Ш. мен С. адамдар тобымен бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстық істің құжаттарына қарағанда, сотталған Ш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2016 жылғы 27 қазандағы үкімімен ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 7) тармағымен кінәлі деп танылған қылмысты 2016 жылы 8 мамырда жасап, ол үшін 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.  Ал Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2017 жылғы 12 қаңтардағы үкімімен ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігін қолдану арқылы тағайындалған жазаларды iшiнара қосу жолымен түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған қылмысты 2016 жылы 14 тамызда, яғни бірінші үкім шыққанға дейін жасаған. Демек, сотталған Ш. бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған ретінде танылмауы тиіс.

 Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Осыған байланысты сотталған Ш.-ның қылмыстық іс-әрекетінде қылмыстардың қайталануы деп танылуы негізсіз болып табылады. Сонымен қатар ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 2) тармағына сәйкес қасақана ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалады. Осыған орай, сотталған Ш. жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуі қажет. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ш.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, Ш.-ның әрекетінде ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы бар деп таныған бөлігінің күшін жойып, ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Ш.-ға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығына...

Толық оқу »

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының ти...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл мә...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау

Қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау🔷 1. ҚР ҚК-нің 59-бабының жалпы сипаттамасы59-бап қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы бол...

Толық оқу »