Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы

Қылмыстардың қайталануы деп, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, оның ауыр қылмыс жасауын таниды.

Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп адамның:

ауыр қылмыс жасағанын, егер ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса;

аса ауыр қылмыс жасағанын, егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, таниды.

Адамның он сегіз жасқа толмаған жасында жасаған қылмыстары үшін сотталғандығы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен алып тасталған немесе жойылған сотталғандықтар қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың қауіпті қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы осы Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға әкеп соғады.

Қылмыстардың қайталануы бірнеше рет жасалуымен және қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығымен қатар қылмыстық құқық бұзушылықтар көптігінің бір түрі болып табылады.

ҚК-нің 14-бабына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, оның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп адамның: ауыр қылмыс жасағанын, егер ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса; аса ауыр қылмыс жасағанын, егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, таниды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағында: «Сотталушыда қылмыстардың қайталануының бар-жоғы туралы мәселені қарау және тиісті шешім қабылдау соттың құқығы емес, міндеті болып табылады. Сондықтан заңда көзделген негіздер болған барлық жағдайларда сот үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде тиісті уәждер мен негіздерді, алынбаған және жойылмаған сотталғандықтарды, бұрын жасалған және жаңадан жасалған қылмыстардың ауырлығын көрсете отырып келтіруге, ал үкімнің қарар бөлігінде ҚК-нің 14-бабының тиісті тармағы мен бөлігіне сілтеме жасай отырып, қылмыстардың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімді баяндауға тиіс», — деп көрсетілген.

Егер сот үкімнің уәждеу бөлігінде қайталануды тану негіздерін келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қайталанудың тиісті түрін тану туралы шешімді көрсетпесе, сот осы үкіммен қылмыстардың қайталануын танымаған деп есептелуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының 30-тармағында да басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстардың қайталануын тану негіздері үкімнің уәждеу бөлігінде баяндалатыны атап көрсетілген. Қайталанудың түрі үкімнің қарар бөлігінде көрсетілуге тиіс.

Бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамамен салыстырғанда, 2014 жылғы ҚК-нің 14-бабындағы қылмыстардың қайталануы туралы нормалар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қайталануды танудың шекті деңгейі айтарлықтай көтерілді. Енді қайталануды тек ауыр немесе аса ауыр санаттарға жататын қылмыстар құрайды. Мәселен, адамның басқа қасақана қылмыс (кез келген санаттағы) үшін сотталғандығы бола тұра, қасақана ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасауы ешбір жағдайда қылмыстардың қайталануын құрамайды.

Қайталануды танудың шекті деңгейінің жоғарылауын және соған сәйкес оның қоғамдық қауіптілік дәрежесінің артуын ескере отырып, қайталану түрлерінің саны екіге дейін қысқартылды: жай және қауіпті қайталану. Бұл ретте бұрын қолданыста болған ҚК-мен салыстырғанда, қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша жай қайталану ұғымы қауіпті қайталанумен, ал қауіпті қайталану ұғымы аса қауіпті қайталанумен салыстырмалы болып табылады.

Осылайша, бұрын қолданыста болған 1997 жылғы ҚК тұрғысынан пайымдайтын болсақ, бұрын жай қайталану деп аталған заңдық құрылым қылмыстық заңның қолданылу аясынан шығарылды. Осы арқылы заң шығарушы қылмыстардың қайталану аясын тарылтып, қылмыстық заңның шеңберінде оның неғұрлым қауіпті нысандарын ғана сақтап қалды.

Жоғарыда атап өтілгендей, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, оның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады. Қылмыстардың қайталануының бірінші шарты — адамның бұрын жасаған ауыр қылмысы үшін сотталғандығының болуы.

ҚК-нің 79-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адам айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталғандығы бар адам деп танылады. Сондықтан адам бұрынғы үкім заңды күшіне енгенге дейін жаңа қылмыс жасаған жағдайда, қайталану түрін айқындау кезінде бұрынғы үкім бойынша сотталғандық ескерілмейді.

Қылмыстардың қайталануының заңнамалық анықтамасында «егер бұрын бұл адам сотталған болса» деген сөздердің мағынасы белгілі бір қиындық туғызуы мүмкін. 1997 жылғы ҚР ҚК-де бұл жағдайда неғұрлым түсінікті әрі нақты «егер адамның сотталғандығы болса» деген термин қолданылған. Сонымен бірге, мәні бойынша бұл терминдерді тең мағыналы деп есептеу керек, өйткені түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігінің мағынасына, сондай-ақ ҚК-нің 79-бабына сәйкес, дәл осы сотталғандық (алынбаған және жойылмаған) қайталануды танудың және өзге де құқықтық салдардың туындауының құқықтық негізі болып табылады. Сондықтан сотталғандықтың жойылуы немесе алып тасталуы өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда (ҚК-нің 79-бабының 9-бөлігі), сотталғандыққа байланысты барлық құқықтық салдарды жояды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындаудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдар деп бұрын заңды күшіне енген сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасына сотталған және бұл жазаны қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде нақты өтеген, егер жаңа қылмыс жасалған кезде бұл сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен алып тасталмаған және жойылмаған адамдар түсініледі.

ҚК-нің 63-бабы негізінде шартты түрде сотталған адамдар, сондай-ақ ҚК-нің 74-бабы негізінде жазаны орындау кейінге қалдырылған адамдар, егер олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру жазасын нақты өтемеген болса, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдарға жатпайды.

Бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдарға сондай-ақ мыналар жатады:

- бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған (ҚазКСР ҚК-нің 40-бабы, ҚК-нің 63-бабы), ҚазКСР ҚК-нің 40-бабының 7, 8, 9-бөліктерінде, ҚК-нің 64-бабының 3, 4, 5-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген адамдар;

- үкімнің орындалуы кейінге қалдырылып, бас бостандығынан айыруға сотталған (ҚазКСР ҚК-нің 41-1-бабы, ҚК-нің 74-бабы), ҚазКСР ҚК-нің 41-1-бабының 5, 7-бөліктерінде, ҚК-нің 74-бабының 2, 3, 4-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген адамдар;

- еңбекке міндетті түрде тарта отырып, бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған (ҚазКСР ҚК-нің 23-2-бабы), ҚазКСР ҚК-нің 23-2-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген адамдар;

- бұрынғы КСРО соттары және оның құрамына кірген одақтас республикалардың соттары шығарған үкімдер бойынша сотталғандығы бар адамдар (1991 жылғы 8 желтоқсанға дейін болған сотталғандықтар бойынша);

- басқа мемлекеттің сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған, кейіннен жазаны өтеу үшін берілгеніне байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде шет мемлекеттің үкімін орындауға қабылдау туралы сот шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ұсталған адамдар.

Ауыр қылмыс ұғымы ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігінде берілген. Бұл — ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында он екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қасақана қылмыс.

Қайталануды танудың екінші шарты — қайталануға негіз болатын алғашқы сотталғандық кезінде адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның тағайындалуы. Бұл шартты белгілеудің заңдық негізі — қайталануды құрайтын соңғы қылмыс жасалған кезде заңды күші бар сот үкімі. Аталған үкімде негізгі жаза ретінде бас бостандығынан айыру көзделуге тиіс. Бұл ретте адамның жазаны өтегені немесе оны өтеуді жалғастырып жатқаны, жазаны толық немесе ішінара өтегені, оны нақты өтегені немесе шартты түрде сотталғаны маңызды емес.

Егер бастапқыда адам бас бостандығынан айыруға сотталғанымен, кейіннен жазаның бұл түрі күшін жойса немесе басқа жаза түрімен ауыстырылса, қайталануды танудың екінші шарты болмайды және тиісінше, қайталану танылмайды. Бұл ретте соттың бас бостандығынан айыру жазасының күшін жою немесе оны ауыстыру туралы шешімі адам екінші ауыр қылмысты жасағанға дейін қабылдануға тиіс.

Сот үкімімен (қаулысымен) жазадан босатылған адам, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуына байланысты қамауда болған мерзіміне қарамастан, ҚК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жазадан босатылған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап сотталғандығы жоқ деп есептеледі.

Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде қылмыстардың қауіпті қайталануының ұғымы беріледі. Осылайша, қылмыстардың қауіпті қайталануы екі жағдайда танылады:

- ауыр қылмыс жасаған кезде, егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса;

- аса ауыр қылмыс жасаған кезде, егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса.

Қауіпті қайталанудың аталған екі нысаны құқықтық салдары жағынан тең болып табылады. Екінші нысан біріншісіне қарағанда қоғамдық қауіптілігі жоғары емес және керісінше, бірінші нысан екіншісінен қауіпті емес.

Қауіпті қайталанудың екі нысаны да оны тану үшін қажетті ең төменгі талаптарды көздейтінін атап өткен жөн. Практикада адамның бұрын жасалған бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандығы бола тұра, бірнеше (екі, үш немесе одан да көп) ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлары кездеседі. Бұл жағдайда да қылмыстардың қауіпті қайталануы танылады және сонымен қатар жаңадан жасалған қылмыстардың жиынтығы немесе бірнеше рет жасалуы орын алады.

Қауіпті қайталану ұғымының мазмұнынан оның жай қайталанудан оны құрайтын қылмыстардың сандық және сапалық сипаттамалары бойынша ерекшеленетіні, яғни қоғамдық қауіптілігінің неғұрлым жоғары дәрежесіне ие екені туындайды.

ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасының мазмұнына қатысты белгілі бір мәселелер туындауы мүмкін. Қауіпті қайталанудың бірінші нысанын айқындау кезінде «егер бұрын бұл адам екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса» деген тіркес қолданылады. Бұл тіркестің екі түрлі мағынасы бар. Бір жағынан, оны бір адамның ауыр қылмыстар жасаған екі түрлі фактісі бойынша екі бөлек айыптау үкімінің шығарылуы ретінде түсіндіруге болады. Екінші жағынан, бір қылмыстық істі қарау шеңберінде бір сот үкімімен адамның ауыр қылмыстар жасаудың екі фактісі (эпизоды) бойынша сотталуын білдіруі мүмкін.

Қылмыстық-құқықтық логика және қылмыстық құқықта қалыптасқан заңдық заңдылықтар тұрғысынан алғанда, жоғарыда көрсетілген ұғымға екі жағдай да жатады, өйткені адам әрбір жеке қылмыс үшін сотталған кезде сотталғандық туындайды. Осыған байланысты қауіпті қайталануды құрайтын қылмыстардың жасалу уақыты мен кезектілігіне, олар үшін сотталудың кезектілігі мен тәртібіне (бір немесе бірнеше жеке үкім шеңберінде) қатысты мән-жайлардың маңызы жоқ. Барлық осы жағдайларда адам ауыр қылмыстар жасағаны үшін екі рет сотталған болып есептеледі. Бұл негізге адамның қылмыстардың нақты жиынтығы деп аталатын жағдай шеңберінде екі ауыр қылмыс жасауы да жатады (яғни адам бір әрекетпен (әрекетсіздікпен) екі немесе одан да көп ауыр қылмыстың белгілері бар іс-әрекетті жасаған кезде).

Бұрынғыдай (1997 жылғы ҚР ҚК бойынша), 2014 жылғы қылмыстық заңнамада да «рецидивист», «қауіпті рецидивист» деген ұғымдар көзделмегенін ескерген маңызды. Бұл жағдайда тиісінше «қылмыстардың қайталануын жасаған адам» және «қылмыстардың қауіпті қайталануын жасаған адам» деген терминдер қолданылады. Бұрын 1959 жылғы Қазақ КСР ҚК-де көзделген сот үкімі бойынша сотталған адамға «аса қауіпті рецидивист» құқықтық мәртебесін беру тәртібі заң мен сот алдындағы теңдік қағидатын бұзуға, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шектерін шешу кезінде қылмыс субъектісінің жеке қасиеттерін асыра бағалауға әкеп соқтыратын. Ал іс жүзінде жасалған әрекеттің қауіптілігі оның объективті қасиеттерімен, атап айтқанда, келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерімен, қылмыс жасалған жағдаймен және тәсілмен, сондай-ақ объективті сипаттағы басқа да мән-жайлармен айқындалады. Қазіргі уақытта рецидивті деп қылмыс жасаған адамның мінез-құлқы танылады, бірақ сотталған адамның жеке басы емес.

ҚК-нің 14-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың қауіпті қайталануын танудың негіздері кез келген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандықтар емес, тек кәмелетке толған жаста жасалған қылмыстары үшін адамды бас бостандығынан айыруға соттаумен байланысты сотталғандықтар ғана болып табылады. Адамның он сегіз жасқа толмаған жасында жасаған қылмыстары үшін сотталғандығы, сондай-ақ ҚР ҚК-де белгіленген тәртіппен алып тасталған немесе жойылған сотталғандықтар қайталануды тану кезінде ескерілмейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталған кезде, қылмыстардың бірі кәмелетке толмаған жаста, ал екінші қылмыс он сегіз жасқа толғаннан кейін жасалған жағдайда, әрбір қылмыс бойынша сотталғандықты жою мерзімі қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаны өтегеннен кейін дербес есептеледі: кәмелетке толмаған жаста жасалған қылмыс бойынша — ҚК-нің 89-бабына сәйкес, ал кәмелетке толған жаста жасалған қылмыс бойынша — ҚК-нің 79-бабына сәйкес. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына кіретін, кәмелетке толған жаста жасалған қылмыс бойынша сотталғандық ескеріледі.

Бұл ретте аталған сотталғандық жаңа қылмыс жасалған сәтте адамның кәмелетке толған жасқа (он сегіз жасқа) жеткеннен кейін жасаған қылмысы үшін сотталғандығын жою мерзімі өтпеген жағдайда ғана қайталануды тану кезінде назарға алынады.

Адам қылмыстық құқық бұзушылықтардың немесе үкімдердің жиынтығы бойынша әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстары үшін сотталған кезде, сотталғандықтар ҚК-нің 79-бабының 3-бөлігіне сәйкес әрбір қылмыс бойынша дербес жойылады. Бұл ретте барлық сотталғандықты жою мерзімдері ҚК-нің 58 немесе 60-баптарының негізінде сот тағайындаған түпкілікті жазаны адамның нақты өтеген сәтінен бастап есептеледі.

ҚК-нің 14-бабының 4-бөлігінде заң шығарушы қылмыстардың қайталануының құқықтық салдарын белгілейді. Олар қылмыстардың қайталануының ҚК-де көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға әкеп соғуынан көрінеді.

ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, қылмыстардың қайталануының болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескеріледі.

Бұрынғы алынбаған және жойылмаған сотталғандықтарға байланысты мән-жайларды зерттеу кезінде ҚК-нің 6-бабының ережелерін ескеру және қылмыстардың қайталануы туралы мәселені шешу кезінде жаңа іс бойынша үкім шығарылған сәтке қарай қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қылмыссыздандырылған әрекеттер үшін сотталғандықтарды назарға алмау қажет.

Адам алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар қылмыстардың санаттарына қатысты қылмыстық заңнама өзгеріп, олардың ауырлық дәрежесі ұлғайған кезде, соңғылары қайталануды тану кезінде үкім шығарылған сәтте жатқызылған қылмыс санаты бойынша ескерілуге тиіс. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты сотталушы бұрын сотталған және ол бойынша алынбаған әрі жойылмаған сотталғандығы бар қылмыстар неғұрлым жеңіл қылмыстар санатына ауыстырылған жағдайларда, олардың санаттары ҚК-нің 6-бабына сәйкес айқындалып, жаңа заң бойынша қайталануды тану кезінде ескерілуге тиіс.

Бұрынғы сотталғандықтардың санын анықтау кезінде соттар ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілене отырып, бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар үшін сотталғандықтар бір сотталғандық ретінде есептелетінін назарда ұстауға тиіс.

Қылмыстардың қайталануын немесе қауіпті қайталануын анықтау кезінде бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған деп бұрын заңды күшіне енген сот үкімі бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтелуге жататын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған адамды, оның бұл жазаны өтемеген жағдайларында да (мысалы, оны өтеуден жалтарған немесе ҚК-нің 75-бабы негізінде жазаны өтеуден босатылған) есептеу қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы «Жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағында былай делінген: «Қайталануды тану кезінде адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрынғы алынбаған және жойылмаған сотталғандығы, тіпті бас бостандығынан айыру шартты түрде (ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып) немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыру арқылы (ҚК-нің 74 және 76-баптары) тағайындалған және бұл адам пробациялық бақылау кезеңінде немесе үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кезеңде жаңа қылмыс жасаған, не шартты түрде соттау немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыру күші жойылып, бұл адам сот үкімі бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберілген жағдайларда да ескерілуге тиіс» (5-абзац).

Қазақстан Республикасында да, басқа мемлекеттерде де бұрын сотталған адамдарда қылмыстардың қайталануын тану туралы мәселені шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс.

Қылмыстардың қайталануын тану кезінде бұрынғы КСРО және оның құрамына кірген одақтас республикалардың соттары (трибуналдары) шығарған үкімдер бойынша алынбаған және жойылмаған сотталғандықтар ескерілуге жатады. Сондай-ақ 1993 жылғы 22 қаңтардағы (1997 жылғы 28 наурыздағы өзгерістерімен) Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 76-1-бабына және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 99-бабына сәйкес осы Конвенцияларға қатысушы мемлекеттердің үкімдері бойынша алынбаған және жойылмаған сотталғандықтар да ескерілуі мүмкін.

Бұл ретте соттар ҚК-нің 8-бабының талаптарын ескеруге және шет мемлекеттер соттарының үкімдерінде белгіленген қылмыстардың саралануына сүйене отырып, жасалған әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын, оның Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының тиісті нормалары бойынша саралануын сотталғандардың жағдайын нашарлатпай айқындауға тиіс.

Сонымен бірге, соттардың назарын шартты түрде соттау кезінде қайталануды танудың ерекшеліктеріне аударғым келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 9-тармағында былай делінген: «Егер адам ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып шартты түрде сотталса және оған қосымша жаза тағайындалса, онда негізгі және қосымша жаза бойынша сотталғандықты жою мерзімі дербес есептеледі: шартты түрде соттау бойынша — ҚК-нің 79-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы негізінде пробациялық бақылау мерзімі аяқталғаннан бастап; қосымша жаза бойынша — ҚК-нің 79-бабының бесінші бөлігі негізінде жазаны нақты өтегеннен кейін. Сондықтан адам шартты түрде соттауға байланысты үкім бойынша тағайындалған сынақ мерзімі өткеннен кейін, бірақ қосымша жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаған жағдайда, оны бас бостандығынан айыруға сотталғандығы бар адам деп тануға болмайды. Мұндай жағдайларда сот соңғы үкім бойынша адамның тек қосымша жаза ретінде тағайындалған, жойылмаған сотталғандығын ескереді, ал үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот ҚК-нің 60 және 61-баптарының талаптарын сақтай отырып, соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға алдыңғы үкім бойынша тағайындалған қосымша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады».

ҚК-нің 60-бабын қолдану кезінде және үкімнің кіріспе бөлігінде жойылмаған сотталғандықтарды санамалау барысында негізгі және қосымша жазаның түрі мен мөлшері көрсетілуге тиіс.

Бұл ретте айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты ҚК-нің 77-бабына сәйкес жазаны өтеуден босатылған; пробациялық бақылау мерзімі өткеннен кейін шартты түрде сотталған (63-бап); үкімнің орындалуын кейінге қалдыру мерзімі өткеннен кейін үкімнің орындалуын кейінге қалдыру қолданылған (ҚК-нің 77-бабы) және жазаны өтеуден босатылған; не ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босатылған (ҚК-нің 76-бабының 1-бөлігі) адамдар бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған болып есептелмейді.

Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза (түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және т.б.) ҚК-нің 42-бабының 3-бөлігінде және 45-бабының 2-бөлігінде көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарды бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар ретінде қарастыруға болмайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындаудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағында да былай деп атап көрсетілген: «Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза (айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу) ҚК-нің 41, 42, 44-баптарының үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарды бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдар ретінде қарастыруға болмайды.

Сондай-ақ бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген адамдар ретінде мыналар қарастырылмайды:

- кассациялық тәртіппен істі қарағанға дейін сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында болған, егер көрсетілген сот сатысы үкімнің күшін істі тоқтатумен жойса немесе оны өзгертіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаса, не бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттауды немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды қолданса, адамдар;

- бас бостандығынан айыруға сотталған, бірақ жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жазаны өтеуді кейінге қалдыру (ҚК-нің 74-бабы), ауруына байланысты жазадан босату (ҚК-нің 75-бабы), ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан (ҚК-нің 76-бабы), не айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты үкімнің орындалмауы (ҚК-нің 77-бабы), не рақымшылық актісін қолдану немесе кешірім жасау тәртібімен жазаны өтеуден босату (ҚК-нің 78-бабы) салдарынан жазаны нақты өтемеген және бас бостандығынан айыру орындарында болмаған адамдар;

- бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау мерзімі шегінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, өйткені олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаны өтемеген;

- бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алғаш рет өтеп жатқан кезде, үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін сотталған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жүрген адамдар;

- қолданыстағы заң бойынша қылмыстылығы мен жазаланушылығы жойылған әрекеттері үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдар, сондай-ақ егер қолданыстағы заң бойынша мұндай әрекеттерді жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделмесе».

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін адамды соттау сотталғандыққа әкеп соқпайды, ал ауырлығы онша емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандық қайталануды анықтау кезінде ескерілмейді.

Қылмыстар қайталанған және қауіпті түрде қайталанған жағдайда жаза ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінің 10) тармақшасы мен 59-бабының ережелері ескеріле отырып тағайындалады.

Қылмыстардың қайталануының құқықтық салдары:

- қылмыстардың қайталануы мен қауіпті қайталануын қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тану (ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы);

- жаза тағайындаудың ерекше тәртібі (ҚК-нің 59-бабы);

- бас бостандығынан айыру жазасын өтеу режимінің белгілі бір түрін тағайындау (ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 3) және 4) тармақшалары).

Заңда бекітілген қайталану түрлерінен басқа, қылмыстық құқық теориясында өзге де түрлері ажыратылады. Мәселен, жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қайталану — сотталғандығы бар адамның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық жасағаны үшін (ҚК-нің 190-бабы) сотталған адам бұзақылық жасайды (ҚК-нің 293-бабы). Арнайы қайталану деп сотталғандығы бар адамның жаңа біртектес немесе ұқсас қылмыс жасауын таниды.

Жалпы және арнайы қайталанудың заңдық маңызы олардың сот тарапынан жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескерілуінде. Егер жалпы қайталану бұрын жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезеңінде орын алса, жаза ҚК-нің 60-бабында үкімдердің жиынтығы үшін белгіленген қағидалар бойынша тағайындалады. Сонымен қатар арнайы қайталану да, егер ол сотталған адамның бұрын жасалған қылмысы үшін жазасын өтеу кезеңінде орын алса немесе бірінші қылмыс үшін субъект бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген болса, жалпы қайталану сияқты салдарға әкеп соғады.

Сотталғандықтардың санына қарай бір рет (жай) қайталану және бірнеше рет (күрделі) қайталану ажыратылады. Қылмыстардың бір рет (жай) қайталануы сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауынан тұрады. Қылмыстардың бірнеше рет (күрделі) қайталануы екі немесе одан да көп сотталғандығы бар адамның жаңа қасақана қылмыс жасауынан көрінеді.

Қылмыс жасалған орынға байланысты пенитенциарлық қайталану ажыратылады — бұл бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның жаңа қасақана қылмыс жасауы.

Осы мәселені қарауды аяқтай отырып, аталған проблемаға қатысты өз көзқарасымды білдіргім келеді. Заң шығарушы қылмыстардың қайталануын бөліп көрсетудің қажеттілігін қылмыстық жауаптылықты саралаумен, түзелу жолына түсуге ниет білдірмейтін, жаңа қасақана қылмыс жасауға бейім адамдарға неғұрлым қатаң шаралар қолданудың орындылығымен түсіндіреді. Бұдан басқа, бұл құқық қорғау органдарының криминалдық ортаның неғұрлым қауіпті өкілдерімен, сондай-ақ өздеріне қатысты қоғамдық қауіптілігі жоғары болғандықтан ерекше назар аударуды қажет ететін адамдармен нысаналы күресін ұйымдастыруға байланысты қолданбалы мәселелерді шешумен де түсіндіріледі.

ҚК-нің 14-бабының мазмұнынан көрініп тұрғандай, қылмыстардың қайталануының негізінде адамның сотталғандығы жатыр. Менің ойымша, жазасын өтеп, өз кінәсін өтеген адам жаңа қылмыс жасауы мүмкін деген күдікпен әлі де жүре береді. Бұл превентивтік, жалғасып жатқан қылмыстық жаза дегенді білдіреді, ол жаңа қылмыс жасалған жағдайда қосымша жазаға айналады. Сотталғандық адамның жеке басына қатысты мән-жай болып табылады және өздігінен кінәнің неғұрлым жоғары дәрежесін де, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесінің жоғарылауын да білдірмейді. Оның үстіне, алдыңғы қылмыс үшін жаза толық өтелген және мемлекет алдындағы кінә өтелген. Сотталғандық институты мен оны жою мерзімдерін белгілей отырып, заң шығарушы адамның өзіне тағайындалған жазаны өтегеніне қарамастан, одан кейін де түзелмегенін алдын ала болжайды.

Сотталғандықтың болуы құқық, әділеттілік және гуманизм қағидаттарына қайшы келеді, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 7-тармағында және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенцияның № 7 хаттамасының 4-бабында қамтылған ережелерге қайшы келеді деп ойлаймын.

ҚК-нің 79-бабының ережелерінен туындайтын қылмыстық-құқықтық салдарлардан басқа, сотталғандық өзге заңдарда белгіленген құқықтық салдарға да әкеп соғады.

БҰҰ Конгресі 1995 жылғы 30 тамызда Женевада қабылдаған Тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандарттық қағидаларының 8-тармағына сәйкес, адамның бұрынғы сотталғандығы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау кезінде тұтқындарды бөлек ұстау мақсатында санаттарға топтастыру үшін ғана ескерілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилұлы Борчашвилиден.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Нұсқау Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығына...

Толық оқу »

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының ти...

Толық оқу »

73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мақсатында ішкі і...

Толық оқу »

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілдіАлматы облысы...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл мә...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл мә...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

14-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығына...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілді

Сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануы дұрыс танылмауына және қылмыстықатқару жүйесі түзеу мекемесінің режимі қате тағайындалуына байланысты үкім өзгертілдіАлматы облысы...

Толық оқу »

73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1. Қылмыстың қайталап жасалуының профилактикасы мақсатында ішкі і...

Толық оқу »

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет

Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының ти...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындауҚылмыстардың қайталануы неме...

Толық оқу »