76-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Сотталған адамның белгiлi бiр қызметпен айналысуы құқығынан айыру туралы сот үкiмi қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдар үшiн мiндеттi.
2. Аталған органдар заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн, пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысу құқығын беретiн тиiстi құжатты алып қоюға және бұл туралы пробация қызметіне хабар жiберуге мiндеттi.
3. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы