74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адам:
1) пробация қызметіне жұмыс орны мен тұрғылықты жері және олардың өзгергені, жұмыстан шығарылғаны туралы хабарлауға;
2) пробация қызметіне шақырту бойынша келіп тұруға мiндеттi.
2. Сотталған адам 53-баптың екінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, оған күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
3. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған, жазаны орындаудан жалтарып жүрген адам заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы