78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi Закона Об особо охраняемых природных территориях
1. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітеді және олар туыстас топтар бойынша қалыптастырылады
1-1. Алып тасталды – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мемлекет өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2-1. Саны және тұрақты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімдерін молайтуға және гендік қорын сақтауға төнетін қатерді болғызбайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен алып тасталуға жатады.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою "Өсімдіктер дүниесі туралы" және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года N 175.
Настоящий Закон регулирует общественные отношения по созданию, расширению, охране, восстановлению, устойчивому использованию и управлению особо охраняемыми природными территориями и объектами государственного природно-заповедного фонда, представляющими особую экологическую, научную, историко-культурную и рекреационную ценность, а также являющимися компонентом национальной, региональной и мировой экологической сети.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела