Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы 

Конституцияның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Құрып кету қаупі төнген аса құнды түрлерге жатқызылған тірі организмдер қорын жинақтау және олардың популяциясын ұлғайту мемлекеттің басты міндеті болып табылады.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін қорғау тәсілдерінің бірі жабайы табиғаттың алуан түрлілігінің сақталуына қол сұғатын субъектілерге қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары болып табылады.

Пайдаланылған нормативтік-құқықтық база

Қорыту тақырыбына қатысты мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер мыналар:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Экология кодексі (бұдан әрі – Экология кодексі, ЭК);

- Азаматтық кодекс (бұдан әрі – АК);

– Азаматтық процестік кодекс (бұдан әрі – АПК);

- «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң (бұдан әрі – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң);

- «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң (бұдан әрі – Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заң) және басқа да заңнамалық актілер.

Бұдан басқа, соттар аталған санаттағы істерді шешу кезінде Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын басшылыққа алады:

- «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №1;

- «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4,

- «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы №1 және т.б.

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы.

 Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің (бұдан 339-бабында белгіленген.

ҚК-ге 28.10.2019 жылғы №268-VI және 27.12.2019 жылғы №292-VІ Заңдармен енгізілген өзгерістермен ҚК-нің 339-бабында көзделген іс-әрекеттер үшін жауаптылық айтарлықтай күшейтілді.

Егер бұрын осы бап бойынша ең жоғары жаза 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру болса, қазір – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Бұдан басқа, ҚК-нің 339-бабы бірнеше рет жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; ірі залал келтіре отырып жасалған; қылмыстық топ жасаған; аса ірі залал келтіре отырып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық белгіленген саралау құрамдарымен (2, 3-бӛліктер) толықтырылды.

Бұл іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі кінәлінің жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелетін түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерге немесе жануарларға, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына, сол сияқты олардың мекендеу ортасына қол сұғуынан, осымен қоршаған ортаға зиян тигізуден кӛрінеді.

ҚК-нің 339-бабында көзделген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмыстарға жатқызылған, бұл олардың қоғамға қауіптілігінің артқанын көрсетеді.

Жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, сол сияқты сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғау «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 14 – 15-баптарында және ЭК-нің 256 және 257-баптарында кӛзделген.

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал өсірілген және еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де және жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді (ЭК-нің 257-бабының 1-тармағы).

Объективті жағынан, кінәлі адамның әрекеттері өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бӛліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде айналысу халықаралық шарттармен реттелетін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіруден, иемденуден, сақтаудан, өткізуден, әкелуден немесе әкетуден, жөнелтуден, тасымалдаудан немесе жоюдан, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жоюдан көрінеді.

Заңсыз қолға түсіру деп жануарлар мен өсімдіктердің аталған түрлерін, егер ол тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз және т.б.) жүргізілсе, өз еркімен аулауды түсіну керек.

Иемдену деп осы жануарларды немесе өсімдіктерді өтеулі немесе өтеусіз кез келген нысанда алуды түсіну керек: иемдену, тауып алып иемдену, алдау жолымен алу немесе сыйлық ретінде алу, қарыз есебінен, айырбасқа алу, жинау және т.б.

Осы қылмыстың кінәлі нысанасы тиісті рұқсатсыз нақты иелігінде болуына байланысты кез келген қасақана әрекеттерді сақтау деп түсіну керек.

Өткізу оларды заңсыз таратудың кез келген тәсілдерін қамтиды: сату, сыйға тарту, айырбастау (бартер), қарызды төлеу, қарызға беру және т.б.

Әкелу – бұл шет мемлекеттерден әкелінетін өсімдіктерді немесе жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендің шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына өткізу.

Әкету Қазақстан Республикасында өндірілетін (өсірілген) өсімдіктерді немесе жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы экспорттауды білдіреді.

Дериват деп жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнімді түсіну керек («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 1-бабының 33-тармағы).

Өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дериваттарға қан, зәр, мускус, өт, бездер, панта, мүйіз, жануарлардың етінен жасалған өнімдер және т.б. жатады.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін, дериваттарды заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жӛнелту, тасымалдау немесе жою сияқты әрекеттер жалпы олардың заңсыз айналысын құрайды.

Субъективті жағынан қылмыс кінәнің қасақана түрімен сипатталады (тікелей немесе жанама ниет).

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам болуы мүмкін.

2019 жылы ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлікпен толықтырылды, онда киікті заңсыз қолға түсіру, жою, заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау үшін арнаулы жауаптылық көзделген.

ҚК-нің 339-бабы бойынша істердің басым көпшілігі заңсыз қолға түсірілген киіктің немесе оның дериваттарының айналымына, атап айтқанда киіктерді заңсыз жоюға және олардың мүйіздерін өткізуге байланысты.

Киіктер кейбір шет елдердің «қара» нарығында жоғары сұранысқа ие мүйіздері үшін браконьерлердің құрбаны болуда, ол жерде олардың құны жоғары бағаланады.

Бұл ретте Қазақстан үшін киіктерді сақтаудың маңыздылығы – сарапшылардың бағалауы популяциясының бойынша киіктердің әлемдік 95%-ы дәл біздің еліміздің аумағында мекендейтіндігінде болып отыр.

Жаза тағайындау практикасы сотталғандарға негізінен бас бостандығын шектеу қолданылғанын.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың басым болуы ҚК-нің 339-бабының 1 және 1-1-бөлімдерінде көзделген қылмыстардың ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатқызылғандығына негізделген.

ҚК-нің 339-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс құрамы ауыр қылмыс болып табылады, оның санкциясы бас бостандығынан айыру жазасының балама түрлерін қамтиды.

Соттар жаза тағайындау кезінде шын ниетпен өкінуді, жас балаларының болуын, алғаш рет қылмыстық жауаптылыққа тартылуды және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Сотталғандардың 22,5%-ына нақты бас бостандығынан айыру тағайындалды. Негізінен, ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған адамдарға қолданылды (ауыр қылмыс болып табылады, санкцияда бас бостандығынан айыру жазалаудың баламасыз түрі болып көзделген).

Жалпы, қорытылатын санаттағы істер бойынша сот практикасы тұрақтылығымен сипатталады, ал соттар негізінен қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданады.

Сонымен бірге сот актілерін зерделеу соттардың жұмысындағы жекелеген проблемалық мәселелер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Дериваттарды, оның ішінде олардың «қайталама» айналымына байланысты сақтау, экологиялық залал сомасын өндіріп алу жөніндегі қылмыстық әрекеттерді саралау; ҚК-нің 337 және 339-баптарында көзделген іс-әрекеттер жиынтығы; қосымша жаза тағайындау мәселелері бүгінгі таңда ең өзекті болып табылады.

Аталған мәселелер бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талдау оларды шешу жөніндегі ұсыныстармен бірге төменде келтірілген.

Дериваттарды сақтау және экологиялық залал сомасын өндіріп алу жөніндегі әрекеттерді саралау мәселелері.

Жалпы республика соттары ҚК-нің 339-бабында көзделген іс әрекеттерді саралаудың бірыңғай практикасын әзірледі.

Мәселен, Ақтөбе қаласының №2 сотының 2023 жылғы 26 қазандағы үкімімен Е.В. Емельянов ірі зиян келтіре отырып, киіктердің мүйіздерін заңсыз иемденгені, сақтағаны, өткізгені және тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды.

Емельянов саны киіктің екі дана мүйізін тауып, сату туралы хабарландыру жариялап, оларды сатуға шешім қабылдағаны анықталды.

Сот қойылған айыптауды негізді деп танып, Емельяновқа ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 5 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуді тағайындады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен сот актілері Емельяновтың әрекеттерін ірі көлемде залал келтіруге алып келген ретінде саралау бөлігінде заңды және негізделген деп танылды.

Тек «өткізу» саралау белгісін алып тастау және осыған байланысты жазаны төмендету бойынша түзетулер енгізілді.

 Соттың мұндай талаптарына негізделген. ұстанымы қолданыстағы заңнаманың Осылайша, ҚК-нің 339-бабы нормаларының диспозициясында көрсетілген өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, киіктерді, сондай-ақ олардың дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою жөніндегі әрекеттер баламалы болып табылады және олардың кез келгенін жасау осы қылмыстың құрамын құрайды.

Осылайша, қылмыстық заңда аталған өсімдіктер мен жануарларды қолға түсіргені, яғни табиғи ортадан тікелей алып қойғаны үшін де, сондай-ақ олардың дериваттарын (мүйіздерін, қанын, пантасын және т.б.) сақтағаны үшін де бірдей жауаптылық (іс-әрекетті саралау, жазалау) белгіленген.

Бұл ретте ҚК-нің 339-бабы 2 және 3-бӛліктерінің қолданыстағы редакциясына сәйкес өсімдіктер мен жануарларды қолға түсіру, сондай-ақ дериваттарды сақтау «ірі залал келтіре отырып» және «аса ірі залал келтіре отырып» деген белгілер бойынша саралануға тиіс.

Залалдың мөлшері қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің жоғары дәрежесін кӛрсетеді, өйткені қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай материалдық залал келтіріледі.

Құқық қолдану органдарының ірі залал белгілеуінде саралау мәні бар және кінәлі адамға қылмыстық заң нормасының қандай да бір бөлігін қолдануға тікелей әсер етеді, дәлелдеу шегіне кіреді және қорытылатын санаттағы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

Залалдың мөлшерін есептеу кезінде соттар заңнаманың мынадай нормаларын басшылыққа алады.

«Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 23-тармағына сәйкес заң бұзушы келтірген экологиялық зиян әдейі жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) немесе абайсызда жасаудың нәтижесінде келтірілгендігіне қарамастан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына, ЭК-нің бесінші бөліміне, Жануарлар дүниесін қорғау туралы заңға, «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық Республикасы ставкаларды Үкіметінің 2007 бекіту жылғы туралы» Қазақстан 31 мамырдағы № 441 қаулысына сәйкес зиян келтірілген сәттегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген шығынның мөлшерін есептеу таксасы мен әдістері негізінде, ал олар болмаған жағдайда - келтірілген залалдарды ескере отырып, экологиялық залалды жоюға немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындар бойынша есептеледі және кінәлі адамның оның орнын толық көлемде өтеуіне жатады.

Құқық бұзушылардан алынған дериваттардың, оның ішінде мүйіздердің құнын айқындау мүмкін емес.

Соттар кейбір істер бойынша осындай құнды белгілеу мақсатында сот-тауартану сараптамаларын тағайындаған.

Сарапшылар қорытынды беру мүмкін еместігі туралы тұжырым жасады. Негіздеме – Қазақстанның аумағында дериваттардың айналымына тыйым салынған және, тиісінше, қандай да бір баға ұсыныстары мен орташа құнын айқындау мүмкіндігі жоқ.

Осыны негізге ала отырып, экологиялық залалдың мөлшерін айқындау кезінде соттар «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығын басшылыққа алады, онда киіктің әр дарағы үшін зиянның орнын толтыру мөлшері 500 АЕК мөлшерінде бекітілген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес заңсыз өндірілген немесе иемделген әрбір дериват үшін осы жануарлар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянның орнын толтыру мөлшерінен (айлық есептік көрсеткішпен) 100 пайыз өндіріп алынады.

Сонымен қатар соттар «ірі немесе аса ірі залал келтіру» белгісін алып тастаған және кінәлі адамдардың әрекеттерін дұрыс сараламаған, сондай-ақ осыған байланысты экологиялық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюларды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайлар бар.

Соттар мотив ретінде жануарларды ауламаған немесе атпаған сотталғандардың әрекеттерімен экологияға залал келтірілмегенін көрсетті.

Мысалы, Ақтөбе облысында А.А. Бурханов сотталды, ол өз үйінде далада табылған киіктің мәйітінен өзі кесіп алған киіктің 2 дана мүйізін сақтаған.

Тергеп-тексеру органдары Бурхановтың әрекетін ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша киіктің мүйіздерін заңсыз иемдену, заңсыз қолға түсірген киіктің мүйіздерін сақтау, ірі залал келтірген ретінде саралады.

Алайда Шалқар аудандық сотының 2022 жылғы 9 ақпандағы үкімімен Бурхановтың әрекеттері «ірі залал келтіре отырып» белгісін алып тастай отырып, ҚК 339-бабының 1-1-бөліміне қайта сараланды.

Сот қайта саралаудың себебін тікелей сотталған адамның әрекетімен табиғатқа залал келтірілмегендігімен негіздеді, өйткені ол дериваттарды киіктің тірі дарағын жойып алған жоқ.

Осы негіз бойынша сот уәкілетті органның 4,3 млн. теңге мөлшерінде экологиялық залалды өндіріп алу туралы талап қоюынан бас тартты. Апелляциялық сатының 2022 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Көрсетілген сот актілері Жоғарғы Соттың 2023 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен өзгертілді: кінәлі адамның әрекеті талап қоюды толық көлемде қанағаттандыра отырып, ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5) тармағына сараланды.

Осыған ұқсас факт ағымдағы жылы да орын алды. В.В. Бауска ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша, яғни киіктің көшеде тауып алған 2 дана мүйізін заңсыз иемденгені, сақтағаны, өткізгені және тасымалдағаны үшін айыпталды.

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2024 жылғы 1 ақпандағы үкімімен Бауска ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша 5 жыл мерзімге аңшылық кәсіппен айналысу құқығынан айыра отырып, 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Бұдан басқа, сот 5,1 млн. теңге сомасына экологияға келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырды.

Алайда апелляциялық саты ағымдағы жылғы 11 наурыздағы қаулымен сотталушының әрекетінде және ірі көлемдегі залал түрінде болған зардаптар арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқтығын уәждеп, оның әрекетін ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігіне қайта саралады.

Көрсетілген сот актісі Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 30 шілдедегі қаулысымен жергілікті соттардың Бурхановтың ісі бойынша сот актілеріндегідей негіздер бойынша күшін жойды (апелляциялық сатының ЖС-ның 18.06.2004 ж. №1 НҚ 23-тармағын бұзуына байланысты).

Осылайша, бірінші сатыдағы соттың Баусканың ісі бойынша үкімі заңды деп танылды.

Осылайша, республиканың Жоғарғы Соты мен соттары ҚК-нің 339-бабы бойынша істерді қарауға бірыңғай тәсіл әзірледі.

Ол ҚК-нің 339-бабының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағы редакциясына негізделген. Сонымен қатар ҚК-нің 339-бабының қолданыстағы редакциясына өзгерістер қажет екенін атап өткен жөн.

Баптың өсімдіктер мен жануарларды, киіктерді «ірі және аса ірі залал келтіру» белгісі бойынша қолға түсіру, жою жөніндегі әрекеттерді саралау бөлігіндегі диспозициясы қисынды.

Сонымен қатар дериваттарды иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені, жөнелткені үшін жауаптылықты ҚК-нің сол бабына қосудың негізділігі сұрақтар туғызады.

Экология кодексінің 133-бабына сәйкес табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі түрлерінің және табиғи ареалдардың қолайлы жай-күйіне қол жеткізуге немесе оны сақтауға елеулі жағымсыз әсер ететін кез келген залал жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне экологиялық залал деп танылады.

Тиісінше, құқық бұзушылар басқа адамдардан дериваттарды иемденген не дериваттарды олар өліп қалған жануарлардан алған жағдайларда, олардың әрекеттерінен экологиялық залалдың болуына күмән келтіруге болады.

Қолданыстағы заңнамаға бұл қайшылық, әсіресе, құқық қорғау органдары жануарларды қолға түсірген адамдар, олардан дериваттарды алғандар ретінде бір уақытта қылмыстық жауаптылыққа тартылған кезде айқын көрінеді.

Ақтөбе облысы Темір аудандық сотының 2023 жылғы 28 ақпандағы үкімімен Қ.Қ. Өтеумағанбетов, А.Ж. Алдияров ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 2), 5) тармақтары бойынша әрқайсысы 5 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ сотталғандардан 13 783 500 теңге сомасына ірі мөлшерде зиян сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылды.

Іс материалдарына сәйкес 2022 жылғы 20 қазанда Өтеумағанбетов пен Алдияров аяғы мен іш құрылысы жоқ жерде жатқан киіктің 6 дана тұтас етін көріп, оларды ауыл тұрғындары М.Т. Құлмағанбетов пен А. Таубаевқа әрбір тұтас ет үшін 15 000 теңгеге сатып, жалпы алғанда 90 000 теңгені пайда көрді.

Бірінші сатыдағы сот өзінің материалдық залалды қанағаттандырудан бас тартуын сотталушы Өтеумағанбетов пен Алдияровтан алынатын материалдық залал қайтадан өндіріп алуға жатпайтындығын уәждеді, өйткені бұған дейін Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы үкімімен Өтеумағамбетов пен Алдияровтан 6 киіктің тұтас етін иемдену фактісі үшін Құлмағанбетов пен Таубаев ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бӛлігінің 2), 5) тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын.

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының» азаматтық талап қоюы сотталған Құлмағанбетов пен Таубаев жануарлар әлеміне 13 783 500 теңгеге ірі көлемде келтірілген зиянды толық өтеуіне байланысты қараусыз қалдырылды.

Апелляциялық алқа 2023 жылғы 24 сәуірде Өтеумағанбетов пен Алдияровқа қатысты сот үкімін өзгертті. Азаматтық талап қою зиянды өтеу бөлігінде қанағаттандырылды.

Сотталғандардан 13 783 500 теңге мөлшерінде залал сомасы ӛндіріп алынды. Іс кассациялық сатының қарауына келіп түскен жоқ.

Сондай-ақ дериваттардың «қайталама» айналымына байланысты адамдарды жауаптылыққа тарту фактілері ҚК-нің 339 бабының редакциясын жетілдіру қажеттігін растайды.

Жетісу облысы Панфилов аудандық сотының 2024 жылғы 31 қаңтардағы үкімімен Р.Е. Тойбаев, Б.Б. Игіліков, М.У. Рузиев, М. Камей, Б.Е. Ботабаев ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша әрқайсысы аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сотталғандардан 2 255 899 500 теңге мөлшерінде материалдық залал өндіріп алынды.

Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы аса ірі залал келтіре отырып, саны 980 дана киіктің дериваттарын заңсыз иемденуді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді жүзеге асырғаны үшін Б.Б. Игіліков, Б.Е. Ботабаев, М. Камей, М.У. Рузиев, Р.Е. Тойбаев кінәлі деп танылды.

Қорғаушы тарап өзінің апелляциялық шағымында киіктің бұл мүйіздері бұрынғы Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық сотының қылмыстық ісі бойынша заттай дәлелдемелер ретінде өткенін, мүйіздер жарамсыз болып табылатынын, 1 теңгеге бағаланатынын және сот үкімімен кәдеге жаратуға жіберілгенін көрсетті.

Апелляциялық алқа қорғаушы тараптың дәлелдерін дәрменсіз деп санап, сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Осы проблемаға орай РФ-ның Қылмыстық кодексінде дериваттарды иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны, өткізгені үшін жауаптылықты көздейтін 258.1-бапта «ірі және аса ірі залал келтіріп» деген саралау белгілері жоқ екенін атап өткен жөн.

Алайда дериваттарды әртүрлі мӛлшерде иемденетін және сақтайтын адамдардың жауаптылығын градациялауды мұндай абсолютті алып тастау да ақталмайды және жазаны даралау қағидатын бұзады.

Құқық бұзушылар киіктің 2 дана және 1 мың мүйізін сақтағаны үшін бірдей жауапқа тартылмауға тиіс.

Бұл мәселенің шешімі ҚК-нің дериваттармен байланысты әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін жеке 339-1-бабын енгізуден көрінеді.

Бұл бапта «ірі мөлшерде», «аса ірі мӛлшерде» деген саралау белгілерін қарастыруға болады.

Мөлшерін дериваттары алынған жануарлардың санына байланысты дериваттар санымен анықтау керек.

Түзетулерді қабылдау саралау мәселелерін алып тастайды және жазаны жасалған әрекеттің ауырлығы бойынша даралауға мүмкіндік береді (жануарларды атумен немесе аулаумен айналысатын адамдар үшін неғұрлым қатаң жаза, дериваттарды сақтағаны үшін кінәлі адамдарға онша ауыр емес).

Бұл сонымен қатар жануарларды табиғи ортадан тікелей алып қойған адамдардан ғана экологиялық залалдың орнын толтыру мәселелерін шешеді.

Бұл түзетулер, біздің ойымызша, кінәлі адамдарды дұрыс саралауды, жазаның бұлтартпастығын, залалды өндіріп алуды және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етеді.

Іс-әрекеттерді ҚК-нің 337 және 339-баптары бойынша саралау мәселелері.

Кейбір жағдайларда қылмыстық қудалау органдары мен соттар кінәлі адамдардың ұқсас мән-жайларда жасаған әрекеттерін әртүрлі саралаған.

Мысалы, Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының 2023 жылғы 19 қазандағы үкімімен Т.А. Мирханов ҚК-нің 339-бабы 2-бӛлігінің 5) тармағы бойынша аңшылық қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Іс материалдары бойынша Мирханов киіктерді мотоциклмен қуып, аңшылық мылтықты қолданып 2 дарағын атқан. Алайда Ұлытау облысы Ұлытау ауданы сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы үкімімен И.А. Қадыр да мотоциклмен қуып және мылтық қолданып 1 киікті атып ӛлтіріп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, бірақ ҚК-нің 337-бабы 4-бӛлігінің 2), 4) тармақтарына сәйкес (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аң аулау).

Үшінші жағдайда Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен 1 киікті атқан С.О. Сәдуев қылмыстардың жиынтығы: ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2), 4) тармақтары және ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша сотталды.

Біркелкі емес практиканың келтірілген мысалдары заңнамада ҚК-нің 337 және 339-баптарында көзделген іс-әрекеттердің аражігін ажыратудың нақты өлшемшарттарының болмауына және ҚК-нің 339-бабында қамтылған «заңсыз қолға түсіру» және «жою» ұғымдарының жеткіліксіз айқындалуына негізделген.

ҚК-нің 337 және 339-баптары арасындағы бәсекелестікті жою үшін ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінен «жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған» деген 2) тармағын алып тастау, ал осы бөліктің 1-тармағындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда» деген сөздерді алып тастау орынды.

Бұдан басқа, ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі мен 1-1-бөлігі диспозицияларында «қолға түсіру» деген сөзден кейін «, оның ішінде аулау» деген сөздермен толықтыру қажет деп есептейміз, өйткені «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 32-бабының мағынасы бойынша «қолға түсіру» «аулауға» теңестірілген.

Сонымен қатар Жоғарғы Сот ЖС-ның 18.06.2004 жылғы №1 НҚ-да 10-тармақты мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтыруды ұсынды: «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, оның ішінде айналысу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, киіктерді заңсыз қолға түсірген (аулаған немесе атқан) жағдайда жасалған әрекет ҚК-нің 339-бабының тиісті бӛлігі бойынша саралануға тиіс.».

Ұсынысты Жоғарғы Соттың жалпы отырысында талқылау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланды.

Осы түзетулерді қабылдау ҚК-нің бір бабы (ҚК-нің 339-бабы) шеңберінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған киіктерді қоса алғанда, өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлеріне, олардың бӛліктеріне немесе дериваттарына қатысты кез келген қылмыстық әрекеттерді саралауға мүмкіндік береді.

Қосымша жаза тағайындау мәселелері.

ҚК-нің 339-бабында көзделген қылмыс жасаған адамдарға қосымша жаза тағайындау әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу талаптарына сай келеді.

ҚК-нің 339-бабы 1, 2, 3-бөліктерінің санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан міндетті түрде бес жылға дейінгі мерзімге айыруды көздейді.

Сонымен қатар соттар аңшылық кәсіпшілікпен айналысуға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындамаған фактілер бар.

Мәселен, Талдықорған қалалық сотының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі үкімімен Б. Сағынбай киіктің мүйіздерін аса өірі залал келтіре отырып, заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Жәбірленушінің талап қоюы 579,6 млн. теңге сомаға қанағаттандырылды. Апелляциялық сатының ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігі негізінде жаза 5 жылға дейін төмендетілді.

Қалған бөлігінде бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Жоғарғы Соттың аталған сот актілері аңшылық кәсіпшілікпен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындаумен өзгертілді.

Бұл жағдайда кассациялық саты ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігіндегі қосымша жаза міндетті болып табылатындығын негізге алды, онда апелляциялық саты ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, қосымша жаза тағайындамау себебін уәждей алмады.

Ж. Умиршиевті және басқа адамдарды ҚК-нің 339-бабы 3 бӛлігінің 2) тармағы бойынша айыптау бойынша іс бойынша Жетісу облысы сотының апелляциялық сатысы да істе киікті аулау арқылы мүйізін алу туралы деректердің болмауын уәждеп, қосымша жаза тағайындамады.

ҚК-нің 339-бабының 3-бӛлігі бойынша қосымша жаза тағайындау міндетті болып табылатындығын, сондай-ақ кінәлі адамдар киіктің мүйіздерін өткізуге байланысты жасаған әрекеттердің сипатын ескере отырып, Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 3 мамырдағы қаулысымен сотталғандарға аң аулаумен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, бұған дейін соттар сотталған адам айналысу құқығынан айырылатын қызметті нақтыламай қосымша жаза тағайындауға жол берген болатын.

Мысалы, Ақтау қаласы сотының 2022 жылғы 6 қазандағы үкімімен А.А. Қаниев ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаниев бекірені заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, ол 63,8 млн. теңге сомаға залал келтірді.

Апелляциялық саты үкімді балық кәсіпшілігімен айналысу құқығынан 3 жылға айыру түріндегі жаза тағайындаумен өзгертілді, өйткені бірінші саты жалпы сотталған адамды кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан қандай да бір нақтылаусыз айырды. Р.Мизамбаевқа қатысты іс бойынша да осындай факт орын алды, ол Ақтау қаласы сотының 2022 жылғы 12 қазандағы үкімімен ҚК нің 339-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Соттың қосымша жаза тағайындау бөлігіндегі қатесін апелляциялық саты түзеді, ол сотталушыға балық кәсіпшілігімен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру тағайындады.

Жалпы, соттар жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар қорыту санатындағы істер бойынша қосымша жаза тағайындау мәселелерінде практиканың біркелкілігін қамтамасыз етті.

Сонымен бірге ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлімінің санкциясынан басқа, ҚК-нің 339-бабының барлық бөліктерінің санкциялары міндетті қосымша жазаны – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейтінін атап өткен жөн.

Көрсетілген нормаларға сүйене отырып, мысалы, қарақұйрықты атқан адамға 5 жылға дейін аң аулаумен айналысуға тыйым салынады, ал ол киікті атқан жағдайда ондай жоқ.

Мұндай құқықтық теңсіздік мемлекеттің сирек кездесетін жануарлар популяциясын сақтау жөніндегі міндетіне және жаза тағайындаудың әділеттігі мен мөлшерлестігі қағидатына сәйкес келмейді.

Осыған байланысты ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігінің санкциясын (басқа бөліктерге ұқсас) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейін айыру түріндегі міндетті жазамен толықтыру ұсынылады.

Заң бұзушылықтарға ден қою шаралары, жекеше қаулылар шығару бойынша статистикалық деректер

ҚПК-нің 53-бабының 4-бөлігі соттың қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайларға, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтарға ден қою жөніндегі өкілеттігін көздейді.

Көбінесе соттар тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеп-тексеру органдары жіберген бұзушылықтарға ден қойды.

Мәселен, С. Садуевке қатысты іс бойынша Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының соты прокурор мен облыс ПД бастығының атына жекеше қаулы шығарды.

Сот тергеу органы алынған тер-май іздері бойынша сараптама жүргізбегенін, бұл ретте ұсталғандардың қаруынан саусақ іздері, киімдері мен аяқ киімдері алынбағанын көрсетті.

Басқа жағдайда Арқалық қаласының соты маман тарту туралы қаулыда қолтаңбаның бұрмаланғанын анықтау фактісі бойынша Б.Сүлейменовтің ісі бойынша прокурордың атына жекеше қаулы шығарды. Жалпы, жекеше қаулылар негізді түрде шығарылды.

Сол арада жеткілікті негіздер болмаған кезде жекеше қаулылар шығару фактілері орын алды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 4 мамырында Атырау қаласының №2 соты Қ. Мардановқа қатысты іс бойынша ҚК-нің 339-бабы 2 бөлігінің 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жіберілген бұзушылықтар бойынша 4 жекеше қаулы шығарды.

Алайда, апелляциялық саты прокурордың өтінішхаты бойынша 3 жекеше қаулының күшін жойды, ӛйткені алқаның сот отырысында нақты растауды таппады.

Сондықтан соттар жекеше қаулылар шығарған кезде ҚК-нің 53, 405-баптарының және «Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы» Жоғарғы Соттың 19.12.2003 ж. №11 нормативтік қаулысының талаптарын мүлтіксіз сақтағаны жөн. 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi Закона Об особо охраняемых природных территориях

78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiЗакона Об особо охраняемых природных территориях      1. Өсiмдiктер мен жануарлардың си...

Толық оқу »

16-бап. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік түрлерін күзету Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы

16-бап. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік түрлерін күзетуӨсімдіктер дүниесі туралы Заңы      1. Өсімдік түрлерін өсімдікт...

Толық оқу »

339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериватт...

Толық оқу »

339-1-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

339-1-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен...

Толық оқу »

290-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен заңсыз жұмыс істеу

290-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен заңсыз жұмыс істеу...

Толық оқу »

Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы...

Толық оқу »

257-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту Қазақстан Республикасының Экология кодексі

257-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту Қазақстан Республикасының Экология...

Толық оқу »

259-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

259-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы к...

Толық оқу »

258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану Қазақстан Республикасының Экология кодексі

258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Егер...

Толық оқу »

15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жануарлардың сир...

Толық оқу »

256-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

256-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойы...

Толық оқу »

Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы

Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »