Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану Қазақстан Республикасының Экология кодексі

258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

258-бап. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін пайдалану Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану жануарларды мекендеу ортасынан алмай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде белгілі бір жерлерге және белгілі бір мерзімдерде баруға шектеу енгізуге құқылы. Көрсетілген шектеулер туралы мәліметтер аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал тиісті жерлерде арнайы ескерту қалқандары орнатылады.

      2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар қолдан өсіру жолымен алынған жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің мекендеу ортасынан алынған санына сәйкес келетін дара нұсқаларын белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өз құзыреттері шегінде лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы