339-1-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерінің бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің, оның ішінде айналысы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерінің бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктердің немесе жануарлардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Киіктің бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде оның мүйіздерін заңсыз иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) бірнеше рет жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған;
4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы