Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы

Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысы

  •    "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  •      1. Мыналарды:
  •      1) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Итбалық, Кендірлі және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми зерттеу және ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 66 дарақ Каспий итбалығын;
  •      2) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы және Жетісу облыстарының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастырып, кейіннен өсімін қолдан молайту үшін ғылыми мақсатта 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;
  •      3) 2026 жылғы 27 сәуір – 30 қараша аралығындағы кезеңде Абай және Павлодар облыстарының шегінде Ертіс өзенінен кейіннен өсімін қолдан молайту мақсатында балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастыру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде сыланды алуға рұқсат етілсін.
  •      2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сыланның бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Каспий итбалығының бір дарағына 1,93 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
  •      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында Каспий итбалығының дарақтарын, арал пілмайын және сыланды көрсетілген көлемде алуға рұқсат берсін.
  •      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  •  
  • Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов
  •  
  •  
  •  
  • Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау