Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Шетелдік жұмыс күшін тарту "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Орталық қатысушылары және органдары Орталықта қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды рұқсат алмай тартуға құқылы.

      Орталық қатысушылары және органдары тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат алу міндетінен босатылады.

      2. Орталық қатысушылары және органдары әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың жоғары біліктілігін растайтын құжаттарының болуы және оларды сақтауы міндетті, ал тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Орталық қатысушысына немесе органына оларды ұсынуы міндетті.

      Шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жоғары біліктілігін растайтын құжаттардың тізбесін Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті айқындайды.

      3. Орталықтың әкімшілігі Орталық қатысушылары және органдары тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. Тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді Орталықтың әкімшілігі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын мәліметтердің құрамы, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібі Орталық әкімшілігінің және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.

      Орталықтың қатысушылары және органдары Орталық актілеріне сәйкес Орталық әкімшілігіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер ұсынады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы